«АППАҚ» ЖШС — уранның өнеркәсіптік өндірісіне шыққан алғашқы қазақстандық-жапондық бірлескен кәсіпорын.Компания «Мыңқұдық» кенорнының «Батыс» телімін игеру мақсатында 2005 жылы құрылған. Құрылу сәтінде оның жалғыз құрылтайшысы «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық Атом Компаниясы» АҚ болды.2006 жылғы 6 шілдеде «АППАҚ» ЖШС қатысу үлесінің жаңа үлестірілуімен қайта тіркелді.«АППАҚ» ЖШС құру көрсетілген компаниялар арасындағы стратегиялық серіктестік бағдарламасын жүзеге асырудың бірінші бөлігі болып табылады.Аппақ ЖШС құрылғалы бері халықпен тығыз байланыс жасап, Созақ ауданы Құмкент ауыл окуругіні тұрғындарына оның ішінде көпбалалы отбасыларға, әлеуметтік жағдайы төмен жанұяларға демеушілік жасап, көмектер көрсетуде. Созақ ауданы Құмкент ауылының тұрғыны Нағима Бегманова көп балалы ана. Мекеме қызметкерлерінің жыл сайын келіп көмек көрсетіп жатқанына алғысы шексіз. Үнемі халықпен тығыз қарым қатынаста болып, елдің халықтың мұң мұтаждырын тыңдап, дер кезінде көмек қолдарын созады дейді.
Айта кетейік бүгінде аппақ жшс-де 500 ге жуық қызметкер жұмыс жасайыды. Өндіріс көлемі жылына 800 тонна. Аппақ ЖШС- і бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары Ақыл Калибеков Құмкент ауылының тұрғындарына жыл сайын жан -жақты көмектер көрсетіп, халықпен кездесіп, өтініштерін тыңдап отыратындықтарын айтады.
Бүгінде Қарт Қаратаудың етегіндегі Құмкент ауылында төрт жарым мыңдай халық тұрады. Құмкент ауылдық округі үш елді мекеннен тұрады. Құмкент, Қызылкөл, Қызылқанат елді мекендері. Ауылдық округі негізінен мал шаруашылығымен айналысады.
Сонымен қатар Аппақ ЖШС -нің өкілдер құмкент ауылында тұрғындармен кездесіп, атқарылған жұмыстар бойынша есеп берді. Алдағы уақытта да халықққа демеушілік жасап, мұндай тірліктердің ұдайы жалғасып отыратынын айтты. Жиынаға ауыл тұрғындары қатысып, мекеменің жұмыстарына сәттілік тілеп, алғыстарын білдірді.
«Аппақ ЖШС» уран өндіруші компания ретінде алдағы уақытта бірнеше стратегиялық бағыттар бойынша жұмысын жалғастырмақ.Мұндай ірі кәсіпорындардың негізгі жоспарлары мен жұмыстары әдетте өндірістік тиімділікті арттыруға, халықаралық нарықтағы позициясын нығайтуға және экологиялық стандарттарды сақтауға бағытталады. Компания уран өндіру көлемін арттыруды және өндіріс тиімділігін көтеруді көздеуі мүмкін. Бұл жаңа кен орындарын игеру, заманауи жабдықтар енгізу және тиімді басқару әдістерін қолдану арқылы жүзеге асады.Инновациялық технологиялар мен автоматтандырылған жүйелерді пайдалану өндіріс процесін жеңілдетіп, шығындарды азайтып, өндіріс қауіпсіздігін күшейтуге мүмкіндік береді.