Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС-нің бас директоры Ильдар Шамсутдиновті қабылдады. Кездесу барысында қос тарап Түркістан өңірінде жаңа инвестициялық жобаларды жүзеге асыру, әріптестік орнату жолдарын талқылады. Облыс әкімі өңірдің инвестициялық әлеуеті туралы баяндады.
Мемлекет басшысы өз Жолдауында көлік логистикасын одан әрі дамыту жөнінде тапсырма берген болатын. Осы орайда, облыстың географиялық жағынан қолайлы орналасуы транзитік көлік дәліздерін дамытуға үлкен мүмкіндіктер беретіні сөзсіз. Жоба жүзеге асса, көліктің барлық түрі бойынша өңіріміздің халықаралық көлік байланысын, логистика және көрші елдердің өңірлерімен ынтымақтастығымыздың күшейуіне септігін тигізеді. Өз тарапымыздан инвестициялық жобалар бойынша ұсыныстарды қарауға және қолдау көрсетуге дайынбыз, – деді облыс әкімі.Ильдар Шамсутдинов өз жоспарымен таныстырды. Инвестор Түркістан облысында ірі жанар-жағармай және мұнай өнімдерін сақтайтын қойма салуды көздеп отыр. Жобаны жүзеге асыру мерзімі: 2026-2028 жылдар. Кездесу барысында қос тарап жол картасын әзірлеп, жобаны жүзеге асыру жөнінде уағдаласты.