Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, ҚР Президенті Әкімшілігінің ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілханов Шымкент қаласына жұмыс сапарымен келді. Іс-сапар барысында ол жаңғыртудан өткен Достық үйіндегі этномұражай жұмысымен танысып , жастар мен кездесті.
Кездесу барысында этносаралық татулық пен қоғамды қ келісімді сақтау, сондай-ақ Мемлекет басшысының «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында көрсетілген міндеттер айтылып оларды іске асыру жайы талқыланды.Жиынға қалалық ассамблея жанындағы этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен қоғамдық құрылым жетекшілері қатысты.
Комьюнити орталығында «Ассамблея жастары» Республикалық Қоғамдық Бірлестігі қалалық өкілдігінің белсенділерімен кездесіп, қазақстандық патриотизмді дамыту және мемлекеттік тілді дәріптеу бағытында атқарылған жобалар мен жұмыстар жайында жастармен еркін форматта пікір алмасты.Кездесу барысында Марат Әзілханов белсенді жастарды марапаттады.Олардың ішінде ұйымға жаңадан сайланған төрайым Шахнозабону Жаналиева да бар.
Президенті Әкімшілігінің ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілханов елімізде ауқымды деңгейде өткен 500 шараның біраз бөлігі Шымкент қаласында өткенін айтады.
Сапар соңында Марат Әзілханов этносаралық татулық пен қоғамдық келісімді сақтау – ел дамуының басты кепілі екенін атап өтті.Ол Шымкенттегі Ассамблея жұмысының жүйелі бағытта өрістеп келе жатқанын айтып, жастар мен этномәдени бірлестіктердің белсенділігіне жоғары баға берді.Кездесу нәтижесінде бірлік пен өзара құрметке негізделген ынтымақтастықты одан әрі нығайту міндеттері тағы бір мәрте айқындалды