3.3 C
Shymkent
9 января, 2025
aspan

ҰЛТТЫҚ КИІМДЕР НАСИХАТТАЛДЫ

 Қазақтың ұлттық киімдері – өткен тарихымыз бен салт-дәстүріміздің жарқын  көрінісі. Болашағымыздың берік бейнесі.Әділ билер республикалық қоғамдық бірлестігінің ұстанар бағыты да осындай. Осы орайда Абай ауданы әкімдігі мен қоғамдық бақылау кеңесі және ардагерлер кеңесі  бірлесе отырып Өшпейтін өнеге үлгісі атты арнайы шеру ұйымдастырды. Шара барысында қазақтың ұлттық киімдерінің тарихы мен оның ерекшеліктері кеңінен таныстырылып,насихаттады.

Іс-шараның көркі ұлттық киімдермен келген қатысушылар болды. Қыз-келіншектер қазақи нақыштағы сәнді көйлектер мен әсем әшекейлер тағып, нағыз ұлттық болмыстың үлгісін көрсетті. Ал,қазыналы қарияларымыз кимешек киіп, түрлі ою-өрнекпен безендірілген шапандарымен ұлттық дәстүрдің айқын бейнесін сомдады. Жиын әуелі әуелетіп ән шырқауымен басталды. Әнмен басталған бұл шара көпшілікке рухани серпіліс беріп, іс-шараның мәні мен мазмұнын аша түсті.

 Шара барысында қазақтың ұлттық киімдерінің тарихы мен оның ерекшеліктері кеңінен таныстырылды.Бұл жиын дәстүрлі мәдениеттің заман талабына сай жаңғырып, қазіргі ұрпақтың рухани қазынасына айналуына үлкен үлес қосты.

Қоғамдық бірлестік мүшелері “Өшпейтін өнеге үлгісі” атты шара аясындағы шеруді қалалық емханадан бастаған. Емхана мамандары “Әділ билер” республикалық қоғамдық бірлестігі арқылы тұрғындардың көптеген мәселелері оң шешімін тауып жатқанын атап өтіп, бұл бастаманың маңызды екенін айтты.Сонымен қатар, бүгінгі шараны ұйымдастырғаны үшін бірлестік мүшелеріне алғыс білдірілді.

 №136-мектеп ұжымы қоғамдық бірлестікті арнайы шақырып  ұлттық құндылықтарды ұлықтау мақсатында ерекше жиын ұйымдастырды. Жиынға жиналған аналар ұлттық нақыштағы киімдер киіп, қазақ әйелдерінің дәстүрлі образының көрінісін көрсетті.Мектеп ұжымы бұл шара арқылы жас ұрпаққа ата-бабадан қалған мәдени мұраны сақтаудың маңыздылығын түсіндіріп, ұлттық сана мен рухани тәрбиеге ерекше үлес қосты. Шара қатысушылары дәстүрді жаңғырту жолында осындай бастамалардың жалғасын табатынына сенім білдірді.

Related posts

Т.РЫСҚҰЛОВТЫҢ 130 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

Телеарна ХанТВ

АҚША ДА ЖОҚ , МАЛ ДА ЖОҚ. АЛАЯҚҚА ТҰСАУ ДА ЖОҚ!

Телеарна ХанТВ

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ КЕЗЕКТІ РЕТ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

Телеарна ХанТВ