23.3 C
Shymkent
10 октября, 2025
aspan

ЖОЛ-КӨЛІК ОҚИҒАЛАРЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ, КӨШІ-ҚОН МӘСЕЛЕСІН РЕТТЕУ ЖОЛДАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Түркістан облысы әкімдігі жанындағы құқықбұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының кезекті мәжілісі өтті. Облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен жиында 4 ауқымды мәселе талқыланды. Көші-қон саласындағы жұмыстардың профилактикасы туралы Түркістан облысы полиция департаменті бастығының орынбасары, аудан әкімдері  баяндама жасады.

Жол-көлік оқиғаларының профилактикасы, оның ішінде адам өліміне алып келген оқиғалардың алдын-алу мәселесі де талқыланды. Бұл бойынша жауапты департамент пен басқарма басшылары есеп берді. Өкінішке қарай, жол-көлік оқиғаларының саны өскен. Жолдардағы жағдайды тұрақтандыру мақсатында Полиция департаменті мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен бірлесіп, кешенді шаралар қабылдауда. Күн сайын жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге 290 патрульдік полиция қызметкері жұмылдырылады. Олыста апат жиі кездесетін орындарға жылдың аяғына дейін қосымша 100 кешенді орнату бойынша монтаж жұмыстары жүргізілуде, сондай-ақ 2 жылжымалы кешен сатып алынған.

Республикалық автомобиль жолдарында орташа жылдамдықты өлшейтін құралдар пайдалану тәжірибесін облыстық және аудандық жолдарда да енгізу бойынша ұсыныс әзірлеуді тапсырған облыс әкімі  Нұралхан Көшеров жауапты сала мамандарына нақты  тапсырмалар берді.

Жаңа оқу жылының басталуына байланысты облыс көлемінде 2575 білім беру ұйымының алдында жаяу жүргіншілер өткелдері жаңартылуда. 524 жүргізуші жолдың қарсы бағытына шыққаны үшін  көлік жүргізу құқығынан айырылды. Мас халде көлік жүргізген 605 жүргізуші анықталып, олар сот органдарымен әкімшілік қамауға алынып, көлік жүргізу құқықтары шектелді. Түркістан облысы бойынша автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы  17692 шақырымды құрайды. Жыл басынан пробация қызметі есебінде тұрған азаматтарды жұмыспен қамту мақсатында облыс көлемінде  42 бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өткізіліп, жылжымалы мансап орталықтары тарапынан шалғай елді мекенде тұратын азаматтарға жұмыспен қамтудың белсенді шаралары  түсіндірілуде. Атқарылған жұмыстардың нәтижесімен есепті кезеңде 522 адам жұмысқа орналасу үшін аудандық, қалалық мансап орталықтарына жүгінді.Биыл бас бостандығынан айыру мекемелерінен босап шыққан азаматтарды жұмыспен қамту бойынша 17 квота орындары бекітілді. Есепті кезеңге мансап орталықтарына 29 азамат жұмыс мәселесімен келген.

 

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ЖАСТАР АРАСЫНДА НАШАҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫН КҮШЕЙТУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Телеарна ХанТВ

ТҰРҒЫНЫНАН ІРІ КӨЛЕМДЕ ҚАРАСОРА ТӘРКІЛЕНДІ

Телеарна ХанТВ

«№55 «Жеңістің 50 жылдығы» жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мектепалды сыныптар бойынша 2024-2025 оқу жылының І -жарты жылдығындағы атқарылған жұмыстар.

Телеарна ХанТВ