0.3 C
Shymkent
6 января, 2025
aspan

«КИЛЛЕРДЕН ТЕЛЕГРАМ»  ДРАМАСЫ САХНАЛАНДЫ

Ж.Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театрының 95 жылдық мерейтойы аясында Орталық Азия елдері театрларының IX Халықаралық фестивалі өтуде. Мерекелік шараға көптеген шетелдік өнер ұжымдары қатысуда.Ал, бүгін қалалық  Орыс драма театрында кезекті Әзірбайжан мемлекеттік академиялық музыкалық театры «Киллерден Телеграм» атты драмасын сахналады. Әзірбайжандық өнерпаз қойылымды жалғыз өзі  ерекше актерлік шеберлікпен жеткізіп, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.

Әзірбайжандық актер Шовги Гусейнов «Киллерден Телеграм» драмасын жалғыз өзі орындап, көрерменге ұмытылмас әсер қалдырды. Гусейновтің шынайы және әсерлі ойыны көпшілікті толғандырып, сахна тілімен жеткізе білді. Оның шеберлігі мен образды терең сезінуі көрермен тарапынан жоғары бағаланды. Орталық Азияның мәдениет қайраткерлері бас қосқан бұл фестиваль театр өнерін дамытуға және елдер арасындағы мәдени байланысты нығайтуға зор үлес қосты.

ШОВГИ ГУСЕЙНОВ ӘЗІРБАЙЖАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ӘРТІСІ

—Бұл  біздің театрдың репертуарындағы  6-шы моно спектакаль. Аталған қойылым шымкент қаласырдағы 2 премьера болып есептеледі. Қойылым жалпы жалданып адам өлтірушінің өмірі жайлы. Әрине, басты рөлде жалғыз ойнап шығу өте қиын. Алайда,басты кейіпкерді өзім сомдағаныма қуаныштымын. Онда кейіпкер  өзінің сүйіктісін құтқару үшін бұл  саладан және өмірден кетуге әрекет жасайды. Жалпы махаббат адамды қаншалықты өзгертетіні жайлы қойылым болған еді. Көрерменге жеткізе білдік деп ойлаймын. Сондай-ақ негізігі мақсаты мен көрерменге айтар ойым бұл жалған дүниде өмірдің мәнін түсініп бір бірімен адал дос болып сыйласып өткеннен  артық дүние жоқ. Адам өлтіру үлкен күнә екені белгілі. Егерде адам бұл әрекетін тоқтатпатаса не адамнан не құдайдан жазасын алары анық.Айта кетейін Менің Қазақстанға және шымқалаға алғаш рет келуім. Маған бәрі ұнады. Ұйымдастыру деңгейіде өте жоғары.Қазақ халқы Қонақжайлылығы мен кеңпейілдігілі мен үшін ерешке әсер қалдырды.

Дәстүрлі түрде 9-мәрте өткізілетін Орталық Азия елдері театрларының IX Халықаралық фестивалінің құрылтайшысы – Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті.Оқу ордасы оқытушыларының айтуынша, мұндай халықаралық байқаулар өнер саласындағы білім алушылар үшін үлкен тәжірибе алаңы. Олар театрдың әр түрлі мектептерін танып, сахналық шеберлікті жақыннан көруге мүмкіндік алады. Бұл фестиваль студенттердің кәсіби дамуына ықпал етіп қана қоймай, олардың театр өнеріне деген қызығушылығын арттыра түспек.

Фестивальге Қырғызстан, Өзбекстан,Түркия, Қарақалпақстан, Татарстан, Әзірбайжан және Қазақстан театрлары арасынан іріктелген 9 спектакль қатысып, өзара бақ сынайды. Сонымен қатар фестиваль аясында театр мамандарының шығармашылық әлеуеті мен кәсіби деңгейін жақсарту мақсатында 7-10 қараша аралығында «Шеберлік сабақтары» өткізіледі.

 

Related posts

ТАМЫЗ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

Телеарна ХанТВ

КӘРІМБЕК ҚҰРМАНӘЛИЕВ ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Телеарна ХанТВ

ЖЕР СІЛКІНДІ

Телеарна ХанТВ