aspan

АБАТТАНДЫРУ ҚАҒИДАЛАРЫН БҰЗҒАН ТҰРҒЫН АНЫҚТАЛДЫ

Түркістан облысы Төлеби ауданының полициясы жыл басынан бері «Таза Қазақстан» акциясы аясында 100-ге жуық әкімшілік құқық бұзушылықты анықтаған. Яғни ортақ пайдаланылатын орындарды ластаған және белгiленбеген орындарға коммуналдық қалдықтарды тастаған 67, қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзған және жасыл екпелерді бүлдірген 21 құқық бұзушыға шара көрілген.

Мәселен, полиция Киелітас ауылында төрт түлік қиы бір төбе болып жиналған орынды байқады. Бірден тексеру шараларын жүргізіп, абаттандыру қағидаларын бұзған жергілікті тұрғынды анықтады. Ол өзінің қорасынан 5 тоннаға жуық қиды шығарып, көше бойына жинап тастаған. Өңір тазалығына нұқсан келтірген тұрғынға заң талаптарына сәйкес айыппұл салынды.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

 ІРІ ЕСІРТКІ ТАСЫМАЛДАУ АРНАСЫ ЖОЙЫЛДЫ

Телеарна ХанТВ

«ЖЫРЛАЙДЫ ЖҮРЕК» АТТЫ БАЙҚАУ ӨТТІ

Телеарна ХанТВ

ҚАТТЫ ДАУЫЛДАН 2 АДАМ КӨЗ ЖҰМДЫ