aspan

ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ЖАСТАРЫ ҚАРЖЫЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ТУРАЛЫ БІЛІМ АЛДЫ

Шымкент қаласында Қаржылық мониторинг агенттігінің ұйымдастыруымен және қала әкімдігінің қолдауымен Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде қаржылық сауаттылыққа бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының 3 күні аясында пресс — тур өтті.

 

 

 

 

 

 

Шара барысында студенттерге Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің аса маңызды істер жөніндегі жедел уәкілі подполковник Камилхан Бахтиярұлы Исмаилов дәріс оқып, қаржылық қауіпсіздік, дроп ұғымы, алаяқтық түрлері және қаржы пирамидаларынан сақтану жолдары жайлы кеңінен түсіндірді.

 

 

 

 

 

 

 

Қатысушылар түрлі интерактивтерге қатысып, сауалнамаларға жауап беріп, ойын түрінде білімдерін сынады. Белсенді ат салысқан қатысушыларға арнайы сыйлықтар табысталды.
Арнайы қонақтар – Сиви Махмуди, Нысана, Machenski жастармен ашық сұхбат құрып, өз тәжірибесімен бөлісті. Олар қаржылық қателіктердің салдарын, дроп болудың қауіпін және қаржы пирамидасы туралы ақпараттармен бөлісті.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫ «АЙҚЫЗ АНА» БӨБЕКЖАЙ БАЛАБАҚШАСЫ

Телеарна ХанТВ

Шымкентте бәйгеден Қазақстан Республикасы чемпионаты – Olimpbet-тің бірінші кезеңі өтті

Телеарна ХанТВ

ЕСКЕК ЕСУ КАНАЛЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖАЛҒАСЫП ЖАТЫР

Телеарна ХанТВ