aspan

ҚАТТЫ ДАУЫЛДАН 2 АДАМ КӨЗ ЖҰМДЫ

Францияда қатты дауылдан екі адам көз жұмды. Екі жастағы бала мен 59 жастағы ер азамат ағаштың астында қалып, мерт болған. Тағы 16 адам жараланып, ауруханаға жеткізілді.

Сағатына 130 шақырым жылдамдықпен соққан құйынның кесірінен жүз мың үй жарықсыз қалды. Қатты жел ғимараттардың шатырын жұлып, толассыз жауған бұршақтан теміржол қатынасы қиындады. Ғимараттарды су басқан соң ұлттық ассамблеяның отырысы, өзге де мәдени шаралар кейінге шегерілді.

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

СЕМЕЙДЕ ТОЗҒАН ҚҰБЫРЛАР АУЫСТЫРЫЛЫП, ЖАҢА ЖОБА ІСКЕ АСУДА

Телеарна ХанТВ

ЕЛДІҢ СОЛТҮСТІГІНДЕ ҚАЛЫҢ ҚАР ЖАУДЫ

Телеарна ХанТВ

КӨКТЕМГІ ДАЛА ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

Телеарна ХанТВ