24.3 C
Shymkent
21 мая, 2026
aspan

МАРИХУАНА САҚТАҒАН ТҰРҒЫН ҰСТАЛДЫ

Алматы қаласының полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында есірткі заттарын заңсыз сақтау дерегінің жолын кесті, – деп хабарлайды Polisia.kz. Анықталғандай, әйел адамның жанынан өзіне тән иісі бар өсімдік тектес зат табылып, тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес, аталған зат – марихуана болып шықты. Осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, оған қатысты бұлтартпау шарасы ретінде үйқамақ түрі таңдалды. Қылмыстық іс материалдары сотқа жолданды.

Полиция есірткі құралдарының заңсыз айналымы жынысына, жасына және әлеуметтік мәртебесіне қарамастан қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын атап өтеді. Алматы қаласы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының мәліметінше, есірткі айналымына кез келген, тіпті бастапқыда елеусіз көрінетін қатысуының өзі ауыр құқықтық салдарға әкелуі мүмкін. Бұл салада заң талаптары аса қатаң.

 

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

21 жастағы Нұрай өлімі бойынша айып күшейтілді: Күдікті өмір бойына сотталуы мүмкін

Телеарна ХанТВ

ӨРТТЕН ҚАЗА ТАПҚАНДАРДЫҢ САНЫ ӨСІП ЖАТЫР

Телеарна ХанТВ

АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕКТІ ЕНДІ КІМДЕР АЛА АЛАДЫ?

Телеарна ХанТВ