18.3 C
Shymkent
7 октября, 2026
aspan

СУ ТАСҚЫНЫНА ҚАРСЫ ТЕКСЕРУ КҮШЕЙТІЛДІ

Абай облысында су тасқынына қарсы жағдайды мониторингтеу аясында облыс әкімі Берік Уәлидің тапсырмасына сәйкес Бесқарағай және Бородулиха аудандарының аумақтарына әуеден визуалды тексеру жүргізілді. Әуеден шолу барысында Бесқарағай ауданындағы Бозтал ауылы да қаралды. Бұл елді мекенде 27 наурыздан бастап жағдай тұрақты бақылауға алынған.

 Ведомствоның хабарлауынша, 29 наурыздан бастап оқиға орнында Абай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің күштері жұмылдырылды. Қазіргі уақытта бақылауды күшейту және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қосымша шаралар қабылдануда. Жағдай жергілікті атқарушы органдар мен тиісті қызметтердің тұрақты бақылауында.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ НЕГІЗГІ КАПИТАЛЫНА 130 МЛРД ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛДЫ

Телеарна ХанТВ

ШЕРУШІЛЕР ПОЛИЦИЯМЕН ҚАҚТЫҒЫСТЫ

Телеарна ХанТВ

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ КЕНТАУ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСІП, ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

Телеарна ХанТВ