aspan

ТЕМІРТАУДА ҚАРИЯНЫ ҰРҒАН ТОҒЫЗ КҮДІКТІ 2 АЙҒА ҚАМАЛДЫ

 

Олардың жетеуі жасөспірім, екеуі ересек адамдар. Ең қатаң бұлтартпау шарасын таңдауға жасалған қылмыстың ауырлығы себеп болған.
Бұл іс бойынша қажет сараптама тағайындалды. Жан-жақты тергеу жүргізіліп жатыр.

 Сондай-ақ жасөспірімдерді тәрбиелеу міндетін орындамаған ата-анаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл дерек бойынша жеке тергеу жүргізіліп жатыр.Бұған дейін Теміртауда қарияның үйіне баса көктеп кіріп, соққыға жыққан жасөспірімдердің видеосы тараған еді. Видеодан 16-18 жас шамасындағы жігіттердің төсектен тұра алмай жатқан қарияны ұрып, бетінен теуіп жатқанын көруге болады. Кейін осы үшін әкімнің орынбасары жазаланған.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ТЖМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚАТТЫ ТҰРМЫСТЫҚ ҚАЛДЫҚТАР ПОЛИГОНЫНЫҢ ЖАНУЫН СӨНДІРДІ

Студент жігіт 15 жастағы қызды бірнеше рет зорлаған 

Телеарна ХанТВ

ПОЛИЦИЯ ШЕТЕЛДІК АЗАМАТТАРДЫҢ ЗАҢСЫЗ ЕҢБЕК ҚЫЗМЕТІН ТОҚТАТТЫ

Телеарна ХанТВ