aspan

«ЖЫРЛАЙДЫ ЖҮРЕК» АТТЫ БАЙҚАУ ӨТТІ

 Ақиық ақын М.Мақатаевтың туғанына биыл 94 жыл! Осыған орай қалалық мектептердің оқушыларының арасында ақынның шығармашылығын кеңінен насихаттау мақсатында байқау болды. Толығыр-ақ келесі сюжетте.

Оқушылар сарайының тәрбие-іс жөніндегі орынбасары- М.Мақатаевтың шығармашылығынан байқау биыл 20 рет ұйымдастырылды. Бұл байқау дәстүрлі түрде жыл сайын мұзбалақ ақынның туындыларын дәріптеу, көркемсөз оқу мәдениетін дамыту мақсатында қалалық мектептер арасында өтіп тұрады. Бұл байқауға 87 мектептен 525 бала өтініш білдіріп, олардың ішінен іріктеліп 60 бала ақтық кезеңге өтті.-дейді.

Байқаудың қатысушысы Гүлжан Сайрамбек 9 сынып оқушысы. Ол ақиық ақын М.Мақатаевтың көптеген өлеңдерін бала кезден мәнерлеп оқиды. Былтырғы жылы өткізілген осы сайыста ақындық бағытында жүлделі 2 орынды иемденген. Бұл жолғы жарыста, өзін көркем сөз бағытында сынап көргісі келген. Байқауды естіген бойда мұндай тартысты додаға жеңіп шығамын деген  үлкен сеніммен қатысқанын жеткізді.

 Дәстүрге айналған Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған «Жырлайды жүрек» атты  бұл байқау өз мәресіне жетті. Ақынның өлеңдері уақыт өткен сайын жаңарып, жаңа буынның жүрегінен орын табуда. Мұндай іс-шаралар алдағы уақытта жалғасын табады деп сенеміз.

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫ ҮКІМЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ МИХАИЛ МИШУСТИНМЕН КЕЗДЕСТІ

Телеарна ХанТВ

ҚАЗАҚСТАНДА СҰЙЫТЫЛҒАН МҰНАЙ ГАЗЫНЫҢ БАҒАСЫ 1 АҚПАННАН БАСТАП ӨЗГЕРТІЛЕДІ

Телеарна ХанТВ

БЕРІК УӘЛИ  БҰҰ ДАМУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТҰРАҚТЫ ӨКІЛІМЕН КЕЗДЕСТІ

Телеарна ХанТВ