aspan

ПОЛИЦЕЙЛЕР 500-ДЕН АСТАМ КӨШІ-ҚОН ЗАҢНАМАСЫН БҰЗУ ДЕРЕГІН АНЫҚТАДЫ

Ағымдағы жылдың 11-14 наурызы аралығында көші-қон заңнамасын бұзушылықтардың жолын кесу мақсатында «Мигрант» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілді.Полиция қызметкерлері шетелдіктер тұратын мекенжайларды, құрылыс нысандарын, базарларды және шетелдіктердің жалдамалы еңбегін пайдаланатын ұйымдарды тексерді.

Рейдтің төрт күнінде Жамбыл облысының аумағында көші-қон заңнамасын бұзудың 505 дерегі анықталып, 395 шетел азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Шетелдіктерді рұқсат құжаттарын алмай жұмысқа тартумен байланысты бұзушылықтың 179 дерегі анықталды.Рейдтік іс-шаралар барысында шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланғаны үшін 28 жұмыс беруші жауапқа тартылды.Сондай-ақ, 94 шетелдікке заңнамада белгіленген мерзім өткеннен кейін Қазақстан Республикасы аумағынан кетпегені үшін, сондай-ақ заңнамада белгіленген мерзім өткеннен кейін он тәуліктен асатын кезең ішінде кетуден жалтарғаны үшін тағы 117 әкімшілік хаттама толтырылды. Сонымен қатар, іздеуде жүрген 4 шетелдік қылмыскер ұсталды. Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 147 шетелдік азамат елден шығарылды.Көші-қон заңнамасының бұзылуының алдын алу және анықтау жұмыстары жалғасуда.

 

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ЕЛОРДАДАҒЫ МЕКТЕПТІҢ ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒАЛАРЫ 900 МЛН ТЕҢГЕДЕН АСТАМ ҚАРЖЫНЫ ИЕМДЕНДІ ДЕГЕН КҮДІККЕ ІЛІНДІ

Телеарна ХанТВ

ШЫМКЕНТ ЖАСТАРЫ НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІНДЕ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КЕШІН ҰЙЫМДАСТЫРДЫ

Телеарна ХанТВ

«Ж.Сүлейменов атындағы №70 жалпы білім беретін мектеп»

Телеарна ХанТВ