Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық жобасы аясында Түркістан облысында «Өзенді балыққа толтыру» акциясы өтті.
Екі күнге созылған экологиялық шараның негізгі мақсаты – су айдындарындағы балық қорын молайту, су биоресурстарын қалпына келтіру және табиғи тепе-теңдікті сақтау.
Акцияны Арал-Сырдария облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы мен Түркістан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы бірлесіп ұйымдастырды. Оған балық шаруашылығы субъектілерінің өкілдері де қатысты.
Акция аясында су айдындарының балық қорын толықтырумен қатар, балық ресурстарын қорғау, заңсыз аулаудың алдын алу және табиғи байлықтарға жауапкершілікпен қарау мәселелеріне назар аударылды.
Мұндай экологиялық іс-шаралар өңірдегі су биоресурстарын сақтауға, биоалуантүрлілікті қорғауға және табиғи байлықты келешек ұрпаққа аманат етуге бағытталған.
