aspan

ОБЛЫС ӘКІМІ АУРУХАНАДА ЕМДЕЛІП ЖАТҚАН БАЛАЛАРДЫҢ ЖАЙ-КҮЙІМЕН ТАНЫСТЫ

Жамбыл облысы Меркі ауылында орналасқан «Нұрай» мектепке дейінгі білім беру орталығының 10 тәрбиеленушісі Меркі аудандық ауруханасының жұқпалы аурулар бөліміне жеткізілген. Тоғыз балаға жедел ішек инфекциясы, ал бір балаға энтеровирусты инфекция диагнозы қойылды.Облыс әкімі Меркі ауданында орын алған жағдайға байланысты ауданға барып, ауруханада емделіп жатқан балалардың жай-күйімен танысты.

Облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің тапсырмасымен арнайы жұмыс тобы құрылып, әр жағдайды мұқият зерттеп жатыр. Қазір оқиғаның себептері анықталып жатыр.»Қажет болған жағдайда ауруханада қосымша төсек-орындар дайындалады. Дәрі-дәрмек қоры жеткілікті. Бүгінде Меркі аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы тексеру жүргізіп жатыр. Барлық сынама алынды, сараптама қорытындысын күтіп жатырмыз», – деп хабарлады әкімдік.Оқу орталығының қызметі екі күнге тоқтатылды. Ғимаратта дезинфекциялық жұмыстар жүргізілген. Еске салайық, бұған дейін Түркістанда 57 адам, соның ішінде 17 бала сушимен ролл жеп уланып қалған еді. 22 адам қалалық орталық ауруханаға жатқызылды.

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Шымкентте шала туған нәрестеге күрделі екі ота жасалды

Телеарна ХанТВ

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА

Телеарна ХанТВ

СУ ҚҰБЫРЛАРЫН ҚАЙТА ҚҰРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

Телеарна ХанТВ