16.3 C
Shymkent
11 октября, 2026
aspan

ЖАҢА ЭНЕРГЕТИКА МИНИСТРІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

«Мемлекет басшысының жарлығымен Ерлан Құдайбергенұлы Ақкенженов Қазақстан Республикасының энергетика министрі лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Ерлан Ақкенженов 1979 жылы дүниеге келген. Алматы қаласының тумасы. «Әділет» жоғары құқық мектебін және «Астана» университетін бітірген. Ол еңбек жолын 2002 жылы жеке меншік ұйымда бас маман болып бастаған. Сондай-ақ, 2004-2012 жылдары мұнай саласындағы кәсіпорындарда басшылық лауазымдарда болды. 2012-2016 жылдары KPMG International компаниясында бас менеджер, трейдинг жөніндегі аға басқарушы директор болып жұмыс істеді. 2022 жылғы шілде айынан бастап «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ мұнай өнімдері маркетингі басқармасының бастығы болып қызмет етті. Сонымен қатар, 2023 жылдан бастап қазіргі күнге дейін ҚР Үкіметінің Қаулысымен ҚР Энергетика вице-министрі болып қызмет етті.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДЫҢ ЦИФРЛЫҚ РЕСУРСТАРЫНЫҢ САПАСЫ КӨҢІЛ КӨНШІТПЕЙДІ

Телеарна ХанТВ

ІРІ ҰТЫСТАР ТУРАЛЫ ХАБАРЛАЙТЫН АЛАЯҚТЫҚ CALL-ОРТАЛЫҒЫ ЖОЙЫЛДЫ

Телеарна ХанТВ

ҚАРАЖАТТЫ ЗАҢСЫЗ ШЕШІП АЛУҒА ЖӘРДЕМ КӨРСЕТКЕН 5 ҚЫЛМЫСТЫҚ ТОПТЫҢ ӘРЕКЕТІ ӘШКЕРЛЕНДІ

Телеарна ХанТВ