-1.7 C
Shymkent
6 февраля, 2025
aspan

ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗЫ БАР АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫН ТҰРАҚТАНДЫРУ ЖҰМЫСЫ ЖАЛҒАСУДА

Былтыр Түркістан облысы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасын тұрақтандыру жұмыстары бойынша республикада бірінші орынға шықты. Мұндай азық-түлік тауарлары бағаларын тұрақтандыру арқылы өңірдегі инфляция көрсеткіші төмен деңгейде сақталып келеді. Өткен жылдың қорытындысымен инфляция көрсеткіші 7,5%-ды құраған. Бұл аппарат мәжілісінде қаралып, Түркістан облысының әкімі жауаптыларға жұмысты ширатуды тапсырды.

 

 

 

 

 

 

Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Нұржігіт Мырзахметовтың айтуынша, Делдалдық схемаларды тергеу жөніндегі комиссияда 281 факті қаралып, әкімшілік айыппұл салу үшін тиісті органдарға жолданған. Жыл басынан бері картоптың сауда үстемесін асырудың 7 фактісі анықталып, әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Жалпы алғанда, «Айналым схемасы», форвардтық келісімшарттар, қоймадағы қорларды есептегенде тұрақтандыру қорында 32 мың тонна азық-түлік бар. Маусымаралық кезеңде, бағаның тұрақсыздығы тіркелген жағдайда, жинақталған қор бағаны 6 айға дейін тұрақтандыруға жетеді. Көкөніс өнімдерінің бағасын маусымаралық кезеңде тұрақтандыру үшін тауар өндірушілермен алдын ала форвардтық келісімдер жасалынды.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Әлібек Плаловтың айтуынша, биыл ауыл шаруашылығы дақылдары өткен жылдан 37 мың гектарға ұлғайтылып, оны 896 мың гектарға орналастыру жоспарлануда. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тізіміне кіретін және ерте пісетін дақылдар (картоп, пияз, сәбіз, қырыққабат) 31,5 мың гектарға орналастырылып, одан 736 мың тонна өнім жинау жоспарланып отыр.

Түркістан, Кентау және Арыс қалаларында 36 әлеуметтік дүкен жұмыс істеп тұр. Сонымен қатар барлық аудан және қала орталықтарынан 2 әлеуметтік дүкеннен орналастыру пысықталуда. Жалпы, әлеуметтік дүкендер және әлеуметтік бұрыштардағы азық-түлік тауарлары нарықтағы бағадан орташа есеппен 20-30% төмен сатылуда. Жыл басынан бері Түркістан қаласының тұрғындарына 17 жәрмеңке өткізілді.

 

Related posts

МИЛЛИАРДТАҒАН ҚАРЖЫНЫ ЖЫМҚЫРҒАНДАР ЖАЗАДАН  ҚҰТЫЛЫП, ЖАЗЫҚСЫЗ МАМАНДАР ЗАРДАП ШЕГУГЕ МӘЖБҮР

Телеарна ХанТВ

ӘУЕЖАЙҒА ҚОНҒАН SUKHOI SUPERJET 100 ҰШАҒЫ ӨРТЕНДІ

Телеарна ХанТВ

ҰШАҚ АПАТЫНАН 18 АДАМ ҚАЗА ТАПТЫ

Телеарна ХанТВ