Қазақ басшысыҚасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық мереке – Республика күні қарсаңында қазақстандықтарды құттықтап, еліміздің бір топ азаматын марапаттады. Ақордада Президенттің Жарлығымен еліміздің әлеуметтік-экономикалық, мәдени-рухани дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға елеулі үлес қосқан және белсенді қоғамдық қызмет атқарған бірқатар азамат мемлекеттік наградамен марапатталды.
Мәтін. Бүгін Ақордада елдің дамуына үлес қосқан азаматтарға ерекеше құрмет көрсетілді. Мемлекет басшысының қолынан жоғары марапат алғандардың қатарында еңбек ардагерлері, жұмысшылар, өндіріс, бизнес, білім беру, ғылым, денсаулық сақтау салаларының өкілдері, әскерилер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, спортшылар, мәдениет және өнер қайраткерлері бар. Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күнін-қастерлі күн деп атады.
Тоқаев Қазақстанның даму жолын, тарихын айта келе, 2019 жылы ауқымды реформалар қолға алынғанын еске салды. Қазақстан жаңа тұрпатты ел болу жолына түсті. Жалпыхалықтық референдум арқылы Ата заңымызға түзетулер енгізілді. Парламенттің құзыреті кеңейді, Үкіметтің жауапкершілігі артты. Конституциялық сот құрылды. Адам құқықтары жөніндегі уәкіл институты конституциялық мәртебеге ие болды. Биыл шілде айынан бастап Кассациялық сот жүйесі іске қосылды, бұл қоғамымызда әділеттілікті күшейтуге жағдай жасады, — деді Президент. Сондай-ақ, әкімдерін сайлауы жүргізіле бастағанын сөзге тиек етті. Әрине әлемде орын алып отырған геосаяси ахуал, түрлі қақтығыстар мен соғыстар елдердің дамуына орасан зор шығын келтірді. Бұл жағдайлар Қазақстанға да салқынын тигізді деді Президент. Дегенмен қазақ елі экономикалық әлеуетін сақтай алды.
Елдің есін шығарған Салық кодексіне де тоқталды. Тоқаев салық саясатына қатысты көп өтініш келіп түскенін айтты.
Ал үкіметтегілер қосымша құн салығын 16 пайыз өсіріп, жаңа Салық Кодексі енгізе отырып, көлеңкелі экономикамен күресеміз деген еді. Алайда, бизнес бұл салық елдегі кәсіпкерлікті құлдырататынын жарыса айтқан еді. Яғни көптің шағымы мемлекет басшысына жеткен соң, салықшыл үкімет біраз өзгерісін уақытша шегеріп отыр.
