19.3 C
Shymkent
5 июня, 2025
aspan

КІЛЕМ ФАБРИКАСЫН АШУ ЖӨНІНДЕ ИРАНДЫҚ ИНВЕСТОРМЕН КЕЛІССӨЗ ЖҮРГІЗІЛДІ

 Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Иран Ислам Республикасындағы «Sorena Carpet» компаниясының президенті Реза Махмудианмен кездесті. Кілем және кілем өнімдерін шығаратын алып компания басшысымен кездесуде екіжақты әріптестікті нығайту, кілем фабрикасын ашу жөнінде ұсыныстар беріліп, келіссөздер жүргізілді. Өңір басшысы Түркістан облысында инвесторларға қолайлы жағдай жасалғанын атап өтті.

 

 

 

 

 Түркістан облысы мен Иран Ислам Республикасының арасындағы екі жақты ынтымақтастығының дамуы өте маңызды екенін атап өткім келеді. Қазақстан-Иран елдері арасындағы ынтымақтастық негізінде сауда-экономикалық, өнеркәсіптік және ғылыми бағытында ынтымақтастықты дамытуға мүмкіндік бар. Біз  ұсынып отырған жобаның маңызы өте жоғары. Былтыр қазақстандық кәсіпорындар 5,1 млн. шаршы метр кілем өнімін шығарды. Дегенмен ауқымды дей алмаймыз.  Облысқа кілем негізінен Түркия, Ресей және Қытайдан жеткізіледі,-деген облыс әкімі Нұралхан Көшеров аймақта кілем фабрикасын ашу тиімді болатынын,ортақ келісімге келіп қолдау білдіретінін жеткізді.Ирандық инвестор компаниясының әлеуетімен таныстырып, жоспарларын баяндады. Түркістан облысында жобаларының бірін жүзеге асыруға ниетті екенін жеткізді. Бұл бағытта келіссөздер жалғасады.

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

АИТВ ИНФЕКЦИЯСЫНА ҚАРСЫ ДӘРІЛЕР МӘСЕЛЕСІ: НАУҚАСТАР МЕН АТА-АНАЛАРДЫҢ АЛАҢДАУШЫЛЫҒЫ

Телеарна ХанТВ

ӨРТТЕН ҚАЗА ТАПҚАНДАРДЫҢ САНЫ ӨСІП ЖАТЫР

Телеарна ХанТВ

ШЫМКЕНТТІ БІРГЕ ТАЗАРТАЙЫҚ»: ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТӘРБИЕ – ЕЛ БОЛАШАҒЫНА САЛЫНҒАН ИНВЕСТИЦИЯ

Телеарна ХанТВ