Енді қоғамдық орында балағат сөз айтқандар мен ерсі әдеттерді жасағандар үшін жаза күшейтілмек. Яғни қоғамдық жауапкершілікке тартылып, қаланың кей жерлерін тазалауға тартылады. Бұл туралы сенат заңға қол қойды. Аталған заңға байланысты қала тұрғандарының пікірі қандай? Толығырақ тілші тарқатады.
Сенат депутаттары елімізде енді әлдекімге балағат сөз айтып, көшеде түкірген адамдарға жаза қатаңдатылатынын айтты. Олардың айтуынша, тәртіп бұзған қазақстандықтар көше сыпыруға мәжбүрлі түрде шығарылады. Қоғамда бұл жаңашылдыққа қатысты әртүрлі пікірлер бар. Кейбір азаматтар қоғамдық орындарда тәртіпті сақтау қажеттігін қолдайды.
Әділет Есенбай Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің 1-курс студенті. Айтуынша қатарластарының арасында да қоғамдық орындарда бейәдеп сөздер айтып, қоқыс тастап жүретіндер де аз емес. Аталған заң қала тұрғындарын әсіресе жастарды мәдениеттілікке дәріптейді. Осылай тазалықты өзімізден бастай аламыз дейді ол.
Айта кетейік, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекске өзгерістер енгізу жөніндегі заң жобасын сенат екі оқылымда қарап мақұлдады. Заң жобасына енгізілген өзгерістерге сәйкес, қоғамдық жұмыстар әкімшілік жаза түрі ретінде енгізіледі. Жалпы, қоғамда бұл өзгерістерге қатысты пікірлер әртүрлі. Бірі қоғамдық тәртіпті сақтау үшін жазаның күшеюін қолдаса, енді бірі оның орындылығына күмәнмен қарайды.