Шымкент қаласы сатира әзіл-ысқақ театрында 25 қазан республика күніне әрі айтыскер,ақын Әселхан Қалыбекованың 75 жылдығына орай мүгедектігі бар азаматтар арасында «Мөлдіреген жыр сезім» атты республикалық әдеби байқау өтті. Жарысқа еліміздің түкпір-түкпірінен кіл мықты ақындар келді.
Алтыншы рет өткізіліп жатқан республикалық байқау ел руханияты мен инклюзивті мәдениетті дамытуға бағытталған. «Мөлдіреген жыр сезім» атты шараға еліміздің әр өңірінен келген мүгедектігі бар ақын-жазушылар қатысып, өз шығармаларын көпшілікке ұсынды. Байқау ақын, айтыс өнерінің майталманы Әселхан Қалыбекованың 75 жылдығына арналды
«Мөлдіреген жыр сезім» республикалық әдеби байқауының қазылар алқасының құрамында халықаралық жазушылар одағының мүшесі,ақын Омархан Алтынбекұлы бар.Ол қатысушылардың жырды сезінуіне, сөздің салмағын жеткізуіне және әр шумаққа жан бітіре білуіне мән беретінін айтады.
Республикалық әдеби байқауға қатысуға Әселхан Қалыбекованың туған өлкесі Отырар ауданынан Бақтияр Ақылбековте келген.Ол аталмыш жарысқа 1 айға жуық дайындалғанын айтады.
«Мөлдіреген жыр сезім» республикалық әдеби байқауы — елдік мереке мен өнердің ұштасқан үлгісі.Бұл күні жыр мен шабыт, сезім мен сенім тоғысып, ерекше рух орнады.Мүгедектігі бар жандар өз шығармалары арқылы өмірге құштарлықты, елге деген сүйіспеншілікті өлеңмен өрді.
Байқау жеңімпаздары марапатталып, барша қатысушыларға Алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталды.Ұйымдастырушылардың айтуыша осындай рухани шаралар ел бірлігін нығайтып, қазақ әдебиетіне жаңа леп әкелетіні анық