4.3 C
Shymkent
26 января, 2026
aspan

ӘСКЕРИ КОЛЛЕДЖДЕ РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ДЕБАТТАР МЕН ТАНЫМДЫҚ ШАРАЛАР ӨТТІ

25 қазан – Республика күні еліміздің тарихи тағдырын айқындаған маңызды мереке. Биыл Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы қадамы болып саналатын Егемендік туралы Декларацияның қабылданғанына 35 жыл толып отыр. Осы айтулы датаға орай Сабыр Рахымов атындағы Әскери колледжде жас ұрпақ бойында елжандылық пен патриоттық рухты қалыптастыруға бағытталған бірқатар мазмұнды іс-шаралар ұйымдастырылды.

Сабыр Рахымов атындағы әскери колледжде Республика күніне орай бірқатар патриоттық іс-шаралар өтті. Оқу взводтарында дебаттар, ашық сабақтар мен танымдық кездесулер ұйымдастырылды. 2-рота, 3-взводта Жадыра Шымырбекованың жетекшілігімен өткен «My Motherland is Kazakhstan!» атты үш тілдегі сабақта ұландар туған жерге деген сүйіспеншілік пен ұлттық бірлік тақырыбында ой өрбітті. Ал 2-рота, 2-взводта Бақытгүл Козбагарова мен Нұрман Маханбетов ұйымдастырған «Менің Қазақстаным!» сабағында жас сарбаздар білім мен тапқырлықтарын көрсетіп, шығармашылық жұмыстарын ұсынды. Сондай-ақ, 2-рота, 5-взводта Асылзат Надирова өткізген «Менің Отаным – Қазақстан!» сабағында ел бірлігі мен бейбітшіліктің маңызы кеңінен сөз болды. Колледж бастығының орынбасары, подполковник Бағдат Жұманбаев мұндай шаралар жас ұландардың бойында отансүйгіштік пен тәуелсіздіктің қадірін ұғындыруға бағытталғанын атап өтті.

 

 

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

КӨЛІККЕ ЗАҢСЫЗ ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗГЕН ЖҮРГІЗУШІ ҰСТАЛДЫ

Телеарна ХанТВ

ПОЛИЦИЯ ЖОЛ ҚОЗҒАЛЫСЫ МЕН ЖОЛАУШЫЛАРДЫ ТАСЫМАЛДАУ ЕРЕЖЕСІН БҰЗУДЫҢ 450-ДЕН АСТАМ ЖАЙТЫН АНЫҚТАДЫ

Телеарна ХанТВ

41 ҰСАҚ МАЛДЫ ҰРЛАДЫ ДЕГЕН КҮДІКПЕН ЕР АДАМ ҰСТАЛДЫ

Телеарна ХанТВ