aspan

ТҰРҒЫННАН ЕСІРТКІ МЕН ЗАҢСЫЗ САҚТАЛҒАН ҚАРУ ТӘРКІЛЕНДІ

Алматы облысында тұрғыннан есірткі мен заңсыз сақталған қару тәркіленді. Қонаев қаласында облыстық есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері мен Алматы облысының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаментімен бірлесіп, прокуратураның үйлестіруімен жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде 43 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады.

Күдіктінің үйін тінту барысында екі келіден астам есірткі құрамдас өсімдіктер анықталып, тәркіленді. Сараптама бұл заттардың каннабис екенін растады. Сонымен қатар заңсыз сақталған шолақ аңшы мылтығы табылды. Есірткі құрамдас өсімдіктерді заңсыз өсіру және қару сақтау фактілері бойынша қылмыстық істер қозғалды. Қазіргі таңда күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ШЫМКЕНТТЕ МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР КҮНІНДЕ КӨК ТУДЫ ӘУЕЛЕТКЕН АВТО ЖӘНЕ ВЕЛОШЕРУ ӨТТІ

admin

«ОТБАСЫ БАНК» ПЕН «ПИОНЕР ГРУПП» ЖШС МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ

Телеарна ХанТВ

ЖҮГІРУ МАРАФОНЫНА 6 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ҚАТЫСТЫ

Телеарна ХанТВ