11.3 C
Shymkent
11 октября, 2026
aspan

ЖҮГІРУ МАРАФОНЫНА 6 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ҚАТЫСТЫ

Шымқалада дәстүрлі жүгіру марафоны өтті. Желаяқтар жарысына түрлі жастағы 6 мыңға тарта адам қатысты. Олардың сапында көршілес елден келген спортшылар да бар. Қатысушылар қала көшелерін бойлай 5, 10 және 21 шақырым жерді жүгіріп өтті.

Таңның атысымен жарысқа жиналған желаяқтардың қарасы қалың. Ішінде жасы да, жасамысы да жүр. Спортты серік еткен әуесқойлар мен кәсібилер де бар. Жарысты алдымен 5 шақырымға жүгірген желаяқтар бастап берді. Олар шаһардың Д. Қонаев және Бәйдібек би көшелерін бойлай жүгіріп, «Наурыз» алаңындағы мәреге сүрінбей жетті.

Жүгіру марафоны Әл-Фараби алаңынан басталып, сол алаңда мәресіне жетті. Ал марафон барысын көруге 109 мемлекеттен қонақтар келді. Аталған шараның қоғамда жүгіру мәдениетін қалыптастырып, ұлт саулығын нығайтуда маңызы зор.

Ұзын шақырымды еркін еңсерген спортшыларға арнайы сыйақы табысталды. Марафон салауатты өмір салтын сақтауға үлкен үлесін қосады дейді ұйымдастырушылар.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ҚОҒАМ ТЫНЫШТЫҒЫНА ҮЛЕС ҚОСҚАН АЗАМАТТАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Телеарна ХанТВ

ХУСИТТЕРГЕ ӘУЕ СОҚҚЫСЫН ЖАСАДЫ

Телеарна ХанТВ

ҚАЗАҚСТАН МЕН САУД АРАБИЯСЫ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫ АРАСЫНДА СТРАТЕГИЯЛЫҚ СЕРІКТЕСТІК ОРНАДЫ

Телеарна ХанТВ