19.3 C
Shymkent
26 апреля, 2026
aspan

СЕМЕЙДЕ «ӘЙЕЛ КӨШБАСШЫЛЫҒЫ» ФОРУМЫ ӨТТІ

Қазақстан Іскер әйелдер қауымдастығының 30 жылдығы аясында Абай облысы Семей қаласындағы Ес-аймақ рухани орталығында «Әйел көшбасшылығы» атты форум ұйымдастырылды. Іс-шараға социология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан іскер әйелдер Ассоциациясының Президенті Раушан Сәрсембаева, Қазақстанның халық әртістері Меруерт Өтекешова мен Майра Ілиясова, бизнес-тренер Ақерке Берлібай және Абай облысының іскер әйелдері қатысты.

Форум барысында Абай облысы әкімінің орынбасары Мейірлан Раханов қатысушыларды алда келе жатқан 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтап, әйелдердің қоғамдағы маңызды рөлі мен көшбасшылық әлеуетіне тоқталды.Кездесу аясында іскер әйелдер жаңа Конституция жобасына қатысты пікір алмасып, оны қолдайтындықтарын білдірді.Шара соңында Қазақстанның Халық әртісі Майра Ілиясова жанды дауыста ән шырқап, форумның мазмұнын байыта түсті.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ЕҢБЕГІ ЕРЕН ДӘРІГЕРЛЕР

Телеарна ХанТВ

ФЕРМЕРЛЕР ЕУРОПАРЛАМЕНТ ҒИМАРАТЫ ҚАСЫНДА ШЕРУЛЕТТІ

Телеарна ХанТВ

ПРЕЗИДЕНТ ҚАТАР МЕМЛЕКЕТІНІҢ ӘМІРІНЕ ҚҰТТЫҚТАУ ЖЕДЕЛХАТЫН ЖОЛДАДЫ

Телеарна ХанТВ