aspan Ақпарат Жаңалықтар Қоғам Саясат Саясат Спорт

Қазақстан семсерлесушілері U23 Азия чемпионатын 11 медальмен аяқтады

Ұлттық құраманың қоржынында үш алтын, төрт күміс және төрт қола жүлде бар. Осылайша Қазақстан жалпыкомандалық есепте екінші орын алды.

Кирилл Проходов екі мәрте жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді. Отандасымыз алдымен шпагадан жекелей сында чемпион атанса, кейін Михаил Кузьмин, Георгий Тинников және Жанарбек Жанұзақовпен бірге командалық жарыста топ жарды.

Диляра Исабекова, Полина Ко, Адема Серікбай және Қайша Жәнібек Қазақстан құрамасына үшінші алтын медальді сыйлады. Олар командалық сайыста қарсыластарынан басым түсті.

Сонымен қатар Қайша Жәнібек пен Диляра Исабекова жекелей сында да жүлдегерлер қатарынан көрінді. Қайша күміс медаль жеңіп алса, Диляра қола жүлдеге ие болды.

Жекелей сындағы тағы екі жүлдені апалы-сіңлілі Лесовскийлер еншіледі. Мария рапирадан екінші орын алса, Полина жарысты қола медальмен аяқтады.

Кейін олар Каролина Фомина және Наталья Зиняковамен бірге командалық сайыста күміс жүлдегер атанды. Дәл осындай нәтижеге рапира бәсекесінде сынға түскен Ғалым Нұрымов, Тимофей Семёнов, Евгений Токанов және Мансұр Естеу де қол жеткізді.

Қазақстан құрамасы командалық жарыстарда тағы екі қола медаль жеңіп алды. Әйелдер арасында рапирадан София Актаева, Ксения Андреева, Алена Гноева және Алина Искандерова үшінші орын иеленді. Ал ерлер арасында саблядан Бексұлтан Әбжал, Қуаныш Ерғашбай, Ерхан Қараман және Қайназар Нұрқатұлы қола жүлдегер атанды.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Қазақтардың 20 миллиард теңгесі есептен шығарылады

admin

АБАЙ ОҚУЛАРЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

Телеарна ХанТВ

ЖАҢА 2 УЧАСКЕЛІК ПОЛИЦИЯ БЕКЕТІ АШЫЛДЫ