aspan Ақпарат Әлем жаңалықтары Әлем жаңалықтары Жаңалықтар Қоғам Саясат Саясат Түркістан

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНА КЕЛГЕН САЯХАТШЫЛАР САНЫ 43 ПАЙЫЗҒА АРТТЫ

Түркістан облысында туризм саласын дамыту, туристік инфрақұрылымды жетілдіру және өңірдің тартымдылығын арттыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бұл саланы дамыту мәселесі облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің қадағалауында тұр. Жұмыстар нәтижесінде туристер ағыны артып, салаға тартылған инвестиция көлемі ұлғайып келеді.

2026 жылдың алғашқы жартыжылдығында өңірге 217 мыңға жуық турист келген. Оның 11 338-і шетелдік, 205 426-сы отандық турист. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 43,4 пайызға жоғары. Былтыр алты айда облысқа 151 мыңға жуық турист келген болатын.
Саяхатшылардан түскен табыс та айтарлықтай өсіп, 6 млрд теңгеге жетті. Бұл өткен жылдың тиісті кезеңіндегі 4 млрд теңгемен салыстырғанда 147 пайыздық өсімді көрсетеді. Ал биылғы жылдың 9 айында туризм саласына 83 млрд теңге инвестиция тартылды.
Туристік инфрақұрылымды дамыту аясында бірқатар жаңа нысан пайдалануға берілді. Атап айтқанда, Түркістан қаласында «Қолөнершілер орталығы» ашылды. Сондай-ақ Төлеби ауданында «Paradise Villas», Түркістан қаласында «Medina Palace» қонақ үй кешендері іске қосылды.
Биыл облыста жалпы құны 13,7 млрд теңгені құрайтын 25 туристік инвестициялық жобаны жүзеге асыру көзделген. Олардың қатарында Кентау қаласына қарасты Хантағы елді мекенінде құны 1 млрд теңгелік «Khantau» демалыс аймағы бар. Құрылысы аяқталған нысан пайдалануға берілді.
Түркістан қаласында да ауқымды туристік жобалар қолға алынған. Қазіргі таңда аумағы 12 гектарды құрайтын, инвестициялық құны 10 млрд теңгелік ірі аквапарк кешенінің құрылысы жүргізіліп жатыр. Нысанды биыл пайдалануға тапсыру жоспарланған. Бұл жоба қаладағы туристік қызмет түрлерін кеңейтіп, келушілерге арналған демалыс мүмкіндіктерін арттыруға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар тарихи-мәдени мұраларды сақтау және туристік әлеуетін арттыру мақсатында Күлтөбе қалашығын абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Ал «Yassy Hall Apartments» қонақ үй кешенінің құрылысын жыл соңына дейін аяқтап, пайдалануға беру жоспарланып отыр.
Аталған жобалар өңірдің туристік әлеуетін арттыруға, жаңа демалыс орындарын қалыптастыруға, қызмет көрсету сапасын жақсартуға және экономикаға қосымша инвестиция тартуға ықпал етеді. Түркістан облысында тарихи-мәдени, зиярат ету, экологиялық және заманауи демалыс туризмін қатар дамыту жұмыстары жалғасады.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Темір жол машиналарын жасау саласында алдағы екі жылда 3 мыңнан астам жұмыс орны ашылады

Телеарна ХанТВ

ДЕНСАУЛЫҚ САЛАСЫНДАҒЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ АЛДЫН-АЛУ МАҢЫЗДЫ

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Han TV