21.3 C
Shymkent
10 октября, 2026
Саясат

ПРЕЗИДЕНТ АУЫЗАШАРЫ ӨТТІ

Түркістанда қасиетті Рамазан құрметіне ел Президентінің ауызашары өтті. Игі шараға облыс әкімі Дархан Сатыбалды сондай-ақ аймақ тұрғындары, ақсақалдар алқасы, еңбек ардагерлері мен имамдар қатысты. Өңір басшысы жиналған қауымды Қасиетті Рамазан айымен құттықтап, ізгі ниетін жеткізді.

Биыл Рамазан айы Наурыз мерекесімен тұспа-тұс келіп отыр. Кеше еліміз бойынша «Көрісу күні – Амал мерекесі» атап өтілсе, бүгінгі күн қайырымдылыққа, ізгілікке бағытталып отыр. Президентіміздің атынан барлық өңірде ауызашар ұйымдастырылуда. Бұл Қасым-Жомарт Кемелұлының еліміздің мәдениеті мен дініне деген құрметі.

Рухани жиында ізгілікке жетелейтін уағыздар, өсиеттер айтылды. Қазақтың өнегелі термелері айтылып, жанға шуақ сыйлайтын дәстүрлі әндері шырқалды. Ел ағалары елді бірлікке бастайтын мағыналы ойларын айтып, өңір жұртшылығын Рамазан айымен құттықтады. Ас соңында Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының Түркістан облысы бойынша өкіл имамы Ержан Төлепов  құран бағыштады.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ЭНЕРГЕТИКА САЛАСЫНЫҢ МАМАНДАРЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУДА ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

Han TV

ҚАЗЫҒҰРТ: НӨСЕР ЖАҢБЫР САЛДАРЫН ЖОЮ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Han TV

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТҮРКІСТАННЫҢ ҮШ ПЕДАГОГІНЕ ЖОҒАРЫ НАГРАДА ТАБЫСТАДЫ

Han TV