10.3 C
Shymkent
20 октября, 2026
Қоғам

ҰЛТТЫҚ КИІМ-ҰЛТТЫҚ ҚАЗЫНА

Қазіргі таңда нәзік жандылар арасында заман талабына сай тігілген ұлттық киімдер сұранысқа ие бола бастады. Бүгін Шымшаһарда құндылықтарымызды ұлықтаған дизайнерлердің киім көрмесі өтті. Талғампаз қыздардың талабын ескерген мамандар да ұлттық нақыштағы киімді насихаттауға ерекше үлесін қосып келеді. Тақырыпты тілші жалғайды.

«Ұлттық киімдерді тек наурызда ғана емес, жай күндері де жиі киіп жүруіміз керек». Бұл — Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзі.  Ұлттық киім – кез келген халық мәдениетінің ажырамас бөлшегі. Ол жай ғана киім емес, бүтін ұлттың келбетін айқындайтын ұлан-ғайыр тарих.

Бүгінгі таңда қазақи нақыштағы киім үлгілері шекара асып, өзге мемлекеттерде сұранысқа ие. Құрлықтың арғы жағында елдер де ұлттық киімдерге ерекше қызығушылық танытып отыр. Бұл әрине отандық өнімдердің жоғары сапасын көрсетеді.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ ӘКІМДЕР МЕН МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР ЖҰМЫСҚА ҰЛТТЫҚ КИІММЕН КЕЛДІ

admin

Елдің оңтүстік-шығысындағы ауылдардағы еріген су аулаларды басып қалды

admin

Ақтауда вандалдар 2,5 миллион теңгеге селкілдерді сындырды

admin