Жаңалықтар

ПОЛИЦИЯ СКУТЕР МІНГЕН ЖІГІТТЕН МЕФЕДРОННЫҢ 200-ДЕН АСТАМ ДОЗАСЫН ТӘРКІЛЕДІ

Түркістан облысының полициясы жедел-іздестіру шаралары барысында, синтетикалық есірткі қойып кетуші шымкент қаласының тұрғынын ұстады. жедел уәкілдер скутер мінген жігітті тексеру кезінде, шымкент қаласы тұрғынының сөмкесі мен қалтасынан 130-дан астам синтетикалық есірткі салынған ораманы тапты. Ал үйін тінту кезінде “синтетикаға”, сондай-ақ гашиш пен марихуанаға ұқсас ұнтақ заты бар 8 ораманы тәркілеген. Полиция қызметкерлері тәркілеп алған синтетикалық есірткі мефедронның 200 дозасын құрайды. Қазіргі уақытта осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынып, тергеу жұмыстары аясында  барлық жағдайлар анықталып жатыр.

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Қазақтардың жұмыс аптасы қысқа болады

admin

Олар маған және қызыма жала жапты — Бишімбаевтың бұрынғы әйелі мәлімдеме жасады

admin

«Қорқынышты апат, қуғындау және ату». Облыс полициясының басшылығы Степногорсктегі оқиға орнына барды

admin