Ақпарат

СУҒА КЕТКЕН ҮЙЛЕРДІҢ САНЫ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ

Ақтөбе облысында 753 тұрғын үй, 10 әлеуметтік нысан, саяжайдағы 99 үйге су кірді. 187 аула мен 99 саяжай үйі зақымданды. Су тасқынына қарсы шараларға жеке құрамның 3 мыңнан астам қызметкері тартылған. Оның ішінде Маңғыстау облысының 52 қызметкері және Төтенше жағдайлар министрлігінің қолдауымен Алматы қаласынан келген 20 құтқарушы бар. 647 техникадан бөлек, іздестіру-құтқару жұмысына Қорғаныс министрлігінің алты тікұшағы жұмылдырылды. Су тасқыны салдарынан 6908 адам қауіпсіз орындарға көшірілді, — деп хабарлады Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ТҮРКІСТАНДА МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ ПЕН МАҢЫЗДЫ НЫСАНДАР САЛЫНАДЫ

Телеарна ХанТВ

Ақтөбеде су тасқынынан зардап шеккендерге қандай көмек берілетіні белгілі болды

Телеарна ХанТВ

ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ЖЕДЕЛ ҚИМЫЛДАП, 7 АЙЛЫҚ НӘРЕСТЕНІ АМАН АЛЫП ҚАЛДЫ