aspan

«МАН-И» ДАУЫЛЫНАН 8 АДАМ ОПАТ БОЛДЫ


Филиппинде «Ман-И» дауылынан 8 адам опат болды.Бұл осымен кейінгі бір айда соққан алтыншы дауыл. Лусон аралында су тасқыны мен лай көшкіні жүрді. «Рейтер» агенттігінің хабарлауынша, 1 млн-нан астам тұрғын қауіпсіз жаққа көшірілген.

Супертайфун электр желілерін үзіп, үйлерді шайып, ағаштарды опырып, инфрақұрылымға үлкен нұқсан келтірді. Мектептер жабылып, әуе рейстері кейінге шегерілді. Билік өкілдерінің мәлімдеуінше, «Ман-И» мен оның алдындағы 2 дауылдан 1 млн-нан астам адам зардап шеккен. Шамамен 7 мың аралдан құралған Филиппинде жыл сайын 20 тайфун мен дауыл соғады.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

МҰҒАЛІМ МӘРТЕБЕЛІ МАМАНДЫҚ

Телеарна ХанТВ

МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУГЕ ТАЛАПТАР КҮШЕЙТІЛДІ

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА 2025 ЖЫЛҒЫ СУ ТАСҚЫНЫ КЕЗЕҢІНЕ ДАЙЫНДЫҚ БАРЫСЫ ТҰРАҚТЫ БАҚЫЛАУДА

Телеарна ХанТВ