25.4 C
Shymkent
13 июля, 2026
aspan

МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУГЕ ТАЛАПТАР КҮШЕЙТІЛДІ

2025 жылдың 1 сәуірінен бастап Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына құжаттарды қабылдау басталды. Өтініштер «Admission» ақпараттық жүйесі арқылы онлайн форматта қабылданады. Құжат тапсыру 2025 жылдың 25 маусымына дейін жалғасады

Барлық магистратура бағдарламаларына қабылдану үшін мемлекеттік қызметкерлердің  қызмет өтілі 2 жылдан 3 жылға дейін ұзартылды.«MPA – Мемлекеттік басқару» (Master of Public Administration) бағдарламасына – кемінде 5 жыл,«MPP – Мемлекеттік саясат» (Master of Public Policy) бағдарламасына –4 жыл еңбек өтілі талап етіледі. Бұл өзгертулер талапкерлердің іріктеу кезеңінен жеңіл өтуге мүмкіндік береді дейді салаға жауаптылар.

Сондай ақ ақылы бөлімде тек мемлекеттік қызметшілер ғана емес, сондай-ақ мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың ведомстволық бағынысты ұйымдарының және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің өкілдері де оқи алады

Сонымен қатар академияда білім алып оқуды сәтті аяқтаған жағдайда жоғары лауазымдарға байқаусыз тағайындау қарастырылған.Естеріңізге сала  кетейік  Биыл магистратураға 120, докторантураға 12 мемлекеттік грант бөлінген.

 

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ САЛАСЫНДАҒЫ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ ҚАРАЛДЫ

Телеарна ХанТВ

«Ұлттық тәрбие – құндылық негізі» кеңейтілген кеңесі.

Телеарна ХанТВ

Шымкенттік дәрігерлер комаға түскен науқасты аман алып қалды

Телеарна ХанТВ