16.3 C
Shymkent
11 октября, 2026
aspan

«МАН-И» ДАУЫЛЫНАН 8 АДАМ ОПАТ БОЛДЫ


Филиппинде «Ман-И» дауылынан 8 адам опат болды.Бұл осымен кейінгі бір айда соққан алтыншы дауыл. Лусон аралында су тасқыны мен лай көшкіні жүрді. «Рейтер» агенттігінің хабарлауынша, 1 млн-нан астам тұрғын қауіпсіз жаққа көшірілген.

Супертайфун электр желілерін үзіп, үйлерді шайып, ағаштарды опырып, инфрақұрылымға үлкен нұқсан келтірді. Мектептер жабылып, әуе рейстері кейінге шегерілді. Билік өкілдерінің мәлімдеуінше, «Ман-И» мен оның алдындағы 2 дауылдан 1 млн-нан астам адам зардап шеккен. Шамамен 7 мың аралдан құралған Филиппинде жыл сайын 20 тайфун мен дауыл соғады.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

СЕССИЯ БАРЫСЫНДА 18 МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Телеарна ХанТВ

БАЙЗАҚ АУДАНЫНДА ІРІ КӨЛЕМДЕ ЕСІРТКІ ПАРТИЯСЫ ТӘРКІЛЕНДІ

Телеарна ХанТВ

ҚОҒАМДЫҚ ОРЫНДЫ ЛАСТАҒАН 4 МЫҢНАН АСТАМ ТҰРҒЫН ЖАУАПҚА ТАРТЫЛДЫ

Телеарна ХанТВ