5.3 C
Shymkent
26 февраля, 2026
aspan

ХЬЮСТОНДА ТУҒАН КҮН КЕШІНДЕ АТЫС БОЛЫП, 15 АДАМ ЖАРАҚАТ АЛДЫ

Хьюстонда туған күн кешінде атыс болып, 15 адам жарақат алды. Техас штаты, Хьюстон қаласының оңтүстік шығысында туған күн кешінде болған жаппай атыста бір адам қаза тауып, тағы 15 адам жарақат алды.

Оқиға жексенбіге қараған түні сағат 12:40 шамасында Черрихилл көшесінде болған. 16 жасқа толған баланың құрметіне ұйымдастырылған кешке шақырылмаған адам келген. Кеш қатысушылары оның кетуін сұраған. Ол сыртқа шыққаннан кейін оқ ата бастаған. Оған жауап ретінде іштегілер де қару қолданған. 16 мен 40 жас аралығындағы 15 адам оқ жарақатымен ауруханаға жеткізілген. 18 жастағы жігіт медициналық мекемеде көз жұмған. Қазіргі уақытта атысқа күдікті адамның кім екені анықталған жоқ. Полиция оқиғаға қатысы бар адамдарды іздеп жатыр. Куәгерлерден құқық қорғау органдарына хабарласу сұралды.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

СОДЫРЛАР 450-ДЕН АСТАМ ПОЙЫЗ ЖОЛАУШЫСЫН КЕПІЛГЕ АЛДЫ

Телеарна ХанТВ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ МӘЖІЛІС ТӨРАҒАСЫ ЕРЛАН ҚОШАНОВТЫ ҚАБЫЛДАДЫ

Телеарна ХанТВ

ЖАРЫЛҒЫШ ЗАТ ТУРАЛЫ БЕЛГІСІЗ ХАБАРЛАМА ТҮСТІ

Телеарна ХанТВ