16.3 C
Shymkent
11 октября, 2026
aspan

ЖОЛ БЕЛГІЛЕРІ ЖАҢАРТЫЛУДА

Оқушылардың қатысуымен болатын жол көлік оқиғаларының алдын алу, сондай-ақ балалардың көшелер мен жолдарда қауіпсіз жүріп-тұру дағдыларын нығайту мақсатында Түркістан облысында жол белгілерін қайта жаңарту жұмыстары жүргізілуде.

Полиция департаментінің жол және техникалық инспекция тобының қызметкерлері, әкімдіктің жол және коммуналдық қызмет өкілдерімен бірлесіп, мектеп пен мектепке дейінгі мекемелерге келер жолдар бойындағы жолақтар мен жаяу жүргіншілер өткелдерінің жаңартылуына белсене атсалысуда.  Полиция көше-жол желісінің және жол жүрісін ұйымдастырудың техникалық құралдарының пайдалану жай-күйіне тексеру жүргізді. Нәтижесінде 70 дана «Абайлаңыз балалар» паносы мен 40 дана жол белгілері орнатылды. Сонымен қатар 8 жаяу жүргінші жолағы мен 20 мектеп жаны жарықтандырылды. Осылайша «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында жол қозғалысына қауіп төндіретін кемшіліктер жойылды. Бейбіт күнде жол бойында болатын апаттардың алдын алып, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да іске асырыла бермек.

 

 

 

 

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Шымкентте «Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясы 30 мамырда өтеді

ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫ ҮКІМЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ МИХАИЛ МИШУСТИНМЕН КЕЗДЕСТІ

Телеарна ХанТВ

ВИЦЕ-ПРЕМЬЕР ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ «ШАҒЫН ӨНЕРКӘСІПТІК ПАРК» ЖОБАСЫН ЖОҒАРЫ БАҒАЛАД

Телеарна ХанТВ