23.3 C
Shymkent
28 мая, 2026
aspan

ЕРЛІКТІҢ НЫШАНЫНА АЙНАЛҒАН ЕСІМ: Б.МОМЫШҰЛЫНЫҢ 115 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН АЙРЫҚША БАСЫЛЫМ ЖАРЫҚ КӨРДІ

Ерліктің нышанына айналған есім: Бауыржан Момышұлының 115 жылдығына арналған айрықша басылым жарық көрді.  Аты аңызға айналған қолбасшы, жазушы, әрі ұлт батыры Бауыржан Момышұлының 115 жылдығына арналған кітап жарыққа шықты. KAZ Minerals Тобының қолдауымен дайындалған қостілді жаңа том есімі ерлік пен намыстың нышанындай болған батыр өмірінің көпке белгісіз болып келген қырларын ашады.

Басылым Момышұлының туған күнінен бөлек, маңызды мемлекеттік мерекелер – Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына да арналған. Аты аңызға айналған қаһарман жайлы кітапта Бауыржан Момышұлының жайлы мәлім деректер ғана суреттелмеген. Мұнда ресми дереккөздерде сирек кездесетін мәліметтерге баса назар аударылады. Басылымда иллюстрациялар, тарихи фотосуреттер, замандастарының естеліктері мен Бауыржан Момышұлының төл шығармаларынан үзінділер келтірілген. Бұл – жай ғана әдеби еңбек емес, өз заманының мақтанышы болған ұлы тұлға жайлы көркем шежіре де. Кітапта батырдың Көлбастаудағы балалық шағы, есею кезіндегі қиындықтар, әскери өмірі мен әскерден кейінгі Қазақстан мәдениеті мен әдебиетіне қосқан үлесі жайлы баяндалады.

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮЙЕЛІ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Редактор HAN TV

Алматыда 5 емхана мен 2 жедел жәрдем қосалқы станциялары салынуда

Телеарна ХанТВ

Екі облыста балалар бейнеленген порнографиялық видеолар 2 500 теңгеге сатылған

Телеарна ХанТВ