aspan

ЕР АДАМ ҰРЫЛАРҒА ТУЫСЫНЫҢ ПӘТЕРІНЕН АҚША ЖЫМҚЫРУҒА КӨМЕКТЕСКЕН

 Қаңтар айының басында Ақтөбедегі пәтерден ірі көлемде ақша ұрланды. Күдіктілер пәтерге пластикалық терезе арқылы кіріп, 10 млн теңгені қолды қылған. Жедел іс-шаралар барысында полиция қызметкерлері төрт күдіктіні анықтап, ұстаған.

 Тергеп-тексеру барысында ұрыларға жәбірленушінің туысы көмек көрсеткені анықталды. Ол күдіктілерге туысының пәтерінде қолма қол ақша бар екенін айтқан. Ұрланған ақшаны күдіктілер өз қажеттіліктеріне жұмсаған, несиелерін төлеп, ойын-сауық орындарына барған.Ұсталғандардың барлығы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ЖЫЛ ЖЕТІСТІГІ: АБАЙ АУДАНЫНДА 95 КӨШЕГЕ АСФАЛЬТ ТӨСЕЛДІ

Телеарна ХанТВ

🇰🇿 Фристайл-акробатикадан Ұлттық құрама тарихи алтын медаль жеңіп алды!

Телеарна ХанТВ

ГАРАЖДА ҚАРАСОРА ӨСІРУГЕ АРНАЛҒАН ЕСІРТКІ ЗЕРТХАНАСЫН ҰЙЫМДАСТЫРҒАН ТҰРҒЫН АНЫҚТАЛДЫ

Телеарна ХанТВ