aspan Ақпарат Жаңалықтар Қоғам Шымкент

Шымкент қаласында қоғамдық көлікте жыныстық сипаттағы әдепсіз әрекет жасап, қоғамдық тәртіп пен адамгершілік нормаларын өрескел бұзған ер адам ұсталды

Полиция қызметкерлері жүргізген тексеру нәтижесінде құқық бұзушының 38 жастағы қала тұрғыны Мурабзилов Закирджан екені анықталды.

Сот шешімімен ол 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.

Полиция қоғамдық орындарда, әсіресе кәмелетке толмағандар да жиі пайдаланатын қоғамдық көліктерде мұндай әрекеттерге жол берілмейтінін қатаң ескертеді.

Қоғамдық тәртіпті бұзу, өзге азаматтардың ар-намысы мен қауіпсіздігіне нұқсан келтіру заң аясында жауапкершілікке әкеп соғады.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ҚАЛА ӘКІМІ СУ БАСУ ҚАУПІ БАР АЙМАҚТАРДЫ АРАЛАДЫ

admin

Алматыда ағаш көліктерге құлады

admin

АЛЫПСАТАРЛЫҚҚА ЖӘНЕ ҚОЛДАН ТАПШЫЛЫҚ ЖАСАУҒА ЖОЛ БЕРМЕУ КЕРЕК

admin