5.3 C
Shymkent
26 февраля, 2026
aspan

ЖАҢА КЕРАМОГРАНИТ ЗАУЫТЫ АШЫЛДЫ

Шымшаһарда «ВАН ШЭН КЕРАМИК» ЖШС-нің керамогранит өндіретін инвестициялық жобасының бірінші кезеңі іске қосылды. Жобаның жалпы құны 25,5 миллиард теңгені құрайды. Зауыт алғашқы кезеңде 12,7 миллион шаршы метр өнім шығаруды жоспарлап отыр.  Ал екінші кезеңде өндіріс көлемі 25,4 миллион шаршы метрге жететін болады.

Wan Cheng Ceramic зауыты Қытайдың керамика өнеркәсібінде танымал. Зауыт заманауи технологияларды пайдаланып, өнімнің сапасына жіті назар аударады. Жобаның ашылу салтанатына қала әкімі Ғабит Сыздықбеков арнайы қатысып, екі жақты келісімге қол қойды.

Кәсіпорынның ашылуы 350 жаңа жұмыс орнын қамтамасыз етеді, бұл жергілікті тұрғындардың жұмыспен қамтылуына оң әсер етеді.

Жобаның бірінші кезеңінің жүзеге асырылуы отандық нарықтың сұранысының үштен бірін жабуға мүмкіндік бермек.  Сонымен қатар, кәсіпорын болашақта ішкі нарықты керамикалық плиталармен толық қамтамасыз етуге ниетті. Бұл жобаның іске асуы Қазақстанның құрылыс индустриясына жаңа серпін беріп, экономиканың дамуына үлес қосатыны сөзсіз.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ЖЫЛ ЖЕТІСТІГІ: ШЫМКЕНТТЕ “ШАХМАТШЫЛАР ҮЙІ” ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Телеарна ХанТВ

ЛАҢКЕСТІК ТОП ШАБУЫЛ ЖАСАП, 100-ДЕН АСА АДАМ КӨЗ ЖҰМДЫ

Телеарна ХанТВ

Приведет ли рост ставки НДС к значительному росту цен?

Телеарна ХанТВ