23.4 C
Shymkent
14 августа, 2026
aspan

1-СЫНЫПҚА ҚҰЖАТ ҚАБЫЛДАУ МЕРЗІМІ ӨЗГЕРТІЛДІ

Елімізде бірінші сыныпқа құжат қабылдау процесіне өзгерістер енгізілді. Оқу-ағарту министрлігі өткен жылдардағы тәжірибені зерделей отырып, қабылдау науқанының басталу мерзімін 1 сәуірден 27 мамырға ауыстыру туралы шешім қабылдады. Бұл қадам қабылдау процесін негізгі оқу кезеңінен бөлуге, мектеп әкімшілігіне түсетін жүктемені азайтуға және білім беру сапасын сақтауға мүмкіндік береді.

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова ата-аналарға жаңа өзгерістер туралы түсіндірді. Оның айтуынша, бұған дейін бірінші сыныпқа құжат қабылдау 1 сәуірден басталып, оқу процесімен қатар жүретін. Осыған байланысты мектеп әкімшілігі, мұғалімдер және ІТ мамандары үшін қосымша жүктеме туындап, кейбір жағдайда қабылдау процесін тиімді ұйымдастыру қиынға соғатын.

Министрдің айтуынша, қазіргі уақытта құжат қабылдау жүйесі бірнеше мәрте тестілеуден өткізіліп жатыр. Ата-аналар үшін ыңғайлы жағдай жасау мақсатында барлық қажетті тетіктер қарастырылған. Қосымша ақпарат алдағы уақытта жарияланады.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Д.ҚОНАЕВ АТЫНДАҒЫ ЖАЛПЫ ОРТА МЕКТЕБІНДЕ ҮЗДІК 7  ПЕДАГОГ ТӘЖІРИБЕЛЕРІМЕН БӨЛІСТІ  

Телеарна ХанТВ

АРЫС ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Телеарна ХанТВ

Шымкентте аудандық прокуратура ғимараты ашылды

Телеарна ХанТВ