aspan

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ БОЛГАРИЯ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІНЕ ҚҰТТЫҚТАУ ЖЕДЕЛХАТЫН ЖОЛДАДЫ

Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Болгария Республикасының  президенті Илияна Йотованы Болгария Республикасының ұлттық мерекесі – Азат ету күнімен құттықтады.

Президент Болгарияны Қазақстанның Еуропа Одағындағы маңызды әрі сенімді серіктестерінің бірі ретінде атап, екі ел арасындағы саяси диалогтың, экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың аясы кеңейіп келе жатқанына тоқталды. Сонымен қатар бірлескен күш-жігер арқылы қазақ-болгар ықпалдастығы дәйекті түрде дами беретініне сенім білдірді. Қасым-Жомарт Тоқаев Илияна Йотованың жауапты мемлекеттік қызметі мен игі бастамаларына сәттілік, ал Болгария халқына құт-береке тіледі.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Қазақстан – өңірдегі инвестиция тарту бойынша көшбасшы

Телеарна ХанТВ

ҚР ҚК МАМАНДАРЫНЫҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ: АҒАШ ӨҢДЕУДІ ОҚЫТУ

Телеарна ХанТВ

Енді Қазақстанда концерттерде фонограмма қолдануға рұқсат жоқ

Телеарна ХанТВ