30.3 C
Shymkent
20 августа, 2025
aspan

ШЫМКЕНТТЕ КӨПҚАБАТТЫ ҮЙЛЕРДІҢ ЖЕДЕЛ САТЫЛАРЫ ЖАҢАРТЫЛУДА

Биыл қала аумағындағы 12 көпқабатты тұрғын үйдің жедел саты қондырғыларын ауыстыру жоспарлануда. Жоспар бойынша Әл-Фараби ауданында — 1, Тұран ауданында — 1, Қаратау ауданында — 10 тұрғын үйдің лифттері жаңартылады.
Айта кетейік, 2024 жылы қаладағы 16 көпқабатты тұрғын үйде 28 қондырғы ауыстырылған болатын. Тұрғын үй заңнамасына сәйкес нысанның ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізу, жедел саты бойынша шешімдер пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерінің жалпы санының жартысынан астамы қатысатын жиналыста меншік иелерінің жалпы санының үштен екісі келіскен жағдайда шығарылады.
Тұрғындар қайтарымды қаражат есебінен жедел саты қондырғыларын ауыстыру жұмыстары бойынша «Тұрғын Үй Шымкент» ЖШС-іне өтінім бере алады.
Мекен жайы: Республика даңғылы №12 «А» 3-қабат. “Тұрғын Үй Шымкент” ЖШС-і.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ПОЛИЦЕЙЛЕР ЕСІРТКІ САТУМЕН АЙНАЛЫСҚАН КҮДІКТІНІ ҚҰРЫҚТАДЫ

Телеарна ХанТВ

ПОЛИЦЕЙЛЕР ТҰРҒЫНДАРДЫ ӨРТТЕН ҚҰТҚАРДЫ

Телеарна ХанТВ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ АҚШ ПРЕЗИДЕНТІ ДОНАЛЬД ТРАМПҚА КӨҢІЛ АЙТУ ЖЕДЕЛХАТЫН ЖОЛДАДЫ

Телеарна ХанТВ