aspan

ШЫМКЕНТТЕ КӨПҚАБАТТЫ ҮЙЛЕРДІҢ ЖЕДЕЛ САТЫЛАРЫ ЖАҢАРТЫЛУДА

Биыл қала аумағындағы 12 көпқабатты тұрғын үйдің жедел саты қондырғыларын ауыстыру жоспарлануда. Жоспар бойынша Әл-Фараби ауданында — 1, Тұран ауданында — 1, Қаратау ауданында — 10 тұрғын үйдің лифттері жаңартылады.
Айта кетейік, 2024 жылы қаладағы 16 көпқабатты тұрғын үйде 28 қондырғы ауыстырылған болатын. Тұрғын үй заңнамасына сәйкес нысанның ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізу, жедел саты бойынша шешімдер пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерінің жалпы санының жартысынан астамы қатысатын жиналыста меншік иелерінің жалпы санының үштен екісі келіскен жағдайда шығарылады.
Тұрғындар қайтарымды қаражат есебінен жедел саты қондырғыларын ауыстыру жұмыстары бойынша «Тұрғын Үй Шымкент» ЖШС-іне өтінім бере алады.
Мекен жайы: Республика даңғылы №12 «А» 3-қабат. “Тұрғын Үй Шымкент” ЖШС-і.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»:  5 МЫҢНАН АСА КӨШЕТ ЕГІЛІП, КӨГАЛДАРДЫРУҒА ҚАЖЕТТІ ТЕХНИКАЛАР КӨРМЕСІ ӨТТІ

Телеарна ХанТВ

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ КЕДЕН БЕКЕТТЕРІ МАҢЫНДА САНИТАРЛЫҚ-ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Han TV

СОЗАҚ АУДАНЫНДА ӨТКЕН ЖЫЛДАН БЕРІ 150-ГЕ ЖУЫҚ ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛҒАН

Han TV