aspan

КЕНЕДЕН САҚ БОЛЫҢЫЗ!

Көктем келісімен қала сыртында дем алып, саябақтарда қыдырулар басталады.Осы орайда өзіңізді қауіпті жағдайлардан сақтандыруыңыз қажет. Бұл қауіпті кезең  кенелерден болуы әбден мүмкін. Көзге көрінбейтін түрлі шөптердің арасында болатын жәндіктің шағуы  ауруларға алып келері анық. Мұндай жәндіктен қорғану үшін нестеу керек?

Мамандар күн жылысымен бұл қауіпті жәндіктің көбейетінін растап отыр.Табиғатқа шыққанда жабық, ақ немесе көк  түсті киім кию керектігін айтады. Өйткені қансорғыш жәндікті ашық түсті матадан тез байқап,қауіптің алдын-алуға мүмкіндік бар. Үйге іргелес қора-жайларда, елді-мекендерде кенеге қарсы көктемгі залалсыздандыру жұмыстары 15 сәуір мен 31 мамыр аралығында жүргізілмек. Онда әр аудан бойынша арнайы кесте бекітіліп  18 дезинфектор мамандар, 6 бүркуіш аппарттары және 6 газел автокөлігі жұмылдырылмақ.

 Теріге енген кенені бірден алып тастау оңай емес. Сондықтан дәрігердің көмегі қажет.Жәндік  шаққан кездегі алғашқы белгілері адамның басы қатты ауырып, дене қызуы 37-39 градусқа дейін көтерілуі мүмкін. Тіпті, дене қалтырап, тері бөртіп қызаруы да байқалады. Сондай-ақ бұлшықет ауырып, адамның тыныс алуы қиындап, тамаққа деген тәбеті жоғалып, жиі шаршаңқы күйге түседі. Ондай кезде адам өз бетінше әрекетке бармай бірден  дәрігердің қабылдауына жүгінген абзал дейді,мамандар.

 Айта кету керек  жауапты сала мамандары елді мекендерде кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстары жүргізілу кезінде өте мұқият болып, дәрілерден араларды сақтап қалу жолын қарастыруды сұрайды. Өйткені қауіпті жәндіктерді жою барысында кей жәндіктерге зияны тиіп кетуі мүмкін екендігін алға тартты. Көп жағдайда қауіпсіздіктің алдын алмастан опық жеп жататындардың баршылығы жасырын емес. Сондықтан да «сақтықта қорлық жоқ» деген қағиданы жанымызға жақын ұстағанымыз абзалырақ.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТАҚЫРЫП: ШАРУАЛАРҒА МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУЛАР МЕН ЖЕҢІЛДІКТЕРДІ АЛУ ЖОЛДАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ ДИКТОР: «ҚазАгроҚаржы» су тапшылығы сезілетін өңірлерді қолдау мақсатында су үнемдеу бойынша жаңа лизингтік бағдарламаны іске қоспақ. Сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасының лизингіне бөлінетін қаржыландыру сомасын ұлғайтты. Бұл туралы Түркістан облысында ауыл шаруашылығы саласын дамыту, өндіріс көлемін ұлғайту және техникалық жарақтандыру мәселелері бойынша өткен жиында айтылды. КСМ: Кездесуге Түркістан облысы ветеринария басқармасының басшысы Ербұлан Жәнібеков, «Бәйтерек» Ұлттық инвестициялық холдингі» акцонерлік қоғамының басқарушы директоры Нияз Көшкімбаев, «ҚазАгроҚаржы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Еркебұлан Жұмжаев арнайы қатысты. Іс-шара барысында көктемгі дала жұмыстарын қаржыландыру, ауыл шаруашылығы техникасын лизингке алу мүмкіндіктері, сондай-ақ өңірдің агроөнеркәсіптік кешенін қолдау шаралары талқыланады. Түркістан облысы – Қазақстанның аграрлық секторындағы жетекші өңірлердің бірі. Еліміздегі ауыл шаруашылығы өнімінің 13%-ы осы облыстың еншісінде. Жыл сайын өңірде 1,2 трлн теңгеден астам өнім өндіріледі. Егіс алқаптарының көлемі ұлғайып, жылыжай шаруашылығы, мал шаруашылығы және өнімді қайта өңдеу бағыттары жүйелі дамып келеді. 27,02 СНХ ЕРБҰЛАН ЖӘНІБЕКОВ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ВЕТЕРИНАРИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ 00:12 – 00:30 ▪Кездесу барысында «ҚазАгроҚаржы» АҚ өкілдері Түркістан облысының фермерлерін қолдаудың қорытындылары мен 2026 жылға арналған жоспарларын таныстырды. 2000 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін «ҚазАгроҚаржы» тарапынан өңір экономикасына шамамен 103 млрд теңге инвестиция бағытталған. Осы кезең ішінде жалпы құны 74 млрд теңге болатын 6800-ден астам техника лизингке беріліп, шаруалар техникалық паркін жаңартуға мүмкіндік алды. Компания 2026 жылы Түркістан облысына 19 млрд теңге қаржы бөлуді жоспарлап отыр. Қазірдің өзінде 7,1 млрд теңгеге өтінімдер қабылданып үлгерген. Бөлінген қаражаттың басым бөлігі көктемгі егіс жұмыстарын сапалы жүргізуге бағытталады. СНХ ЕРКЕБҰЛАН ЖҰМЖАЕВ «ҚАЗАГРОҚАРЖЫ» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ 00:17 – 00:45 КСМ: Түркістан өңірінің басты басымдығы – суару жүйелерін дамыту. Қазіргі уақытта «Агролизинг» арқылы мобильді суару жүйелерін 12,6%-бен алуға болады. Сонымен қатар жуырда жаңбырлатып суару машиналарын лизингке беру; инфрақұрылым құруға займдар бөлу, заманауи суару жүйелерін кешенді қаржыландыру бағыттарын іске қосу жоспарланып отыр. 27,02 СНХ НИЯЗ КӨШКІМБАЕВ «БӘЙТЕРЕК» ҰЛТТЫҚ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ХОЛДИНГІ АҚ БАСҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ КСМ: Шаруалар кездесу барысында ұсыныстары мен сұрақтарын ортаға салып, мамандармен пікір алмасты. Бүгінгі диалог алаңы өңірдің аграрлық саласына жаңа серпін берері сөзсіз. Өйткені, жиынға қатысушылардың ұсыныстары алдағы даму жоспарларына негіз болмақ.

Редактор HAN TV

ЖАСӨСПІРІМ ҚЫЗДАРДЫҢ ЖҮКТІЛІГІ АРТТЫ

Телеарна ХанТВ

ҒАСЫР ЖАСАҒАН ҚАҺАРМАНҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Телеарна ХанТВ