aspan

Алматыда 1 мың шақырымнан астам таулы бағыттар цифрландырылып, 750 шақырымға жуығы абаттандырылды

2025 жылы Алматыда тау инфрақұрылымын дамыту қарқынды түрде жалғасып жатыр. Қалада 1 мың шақырымнан астам таудағы жүргінші бағыттары цифрландырылды, оның ішінде 750 шақырымға жуық бөлігі абаттандырылды. 7 кемпинг аймағы құрылды, сондай-ақ ауқымды полиграфиялық және цифрлық материалдар дайындалды. Бұл туралы Алматы қаласы Туризм басқармасының өкілдері хабарлады.

 

 

 

 

 

 

 

Биыл 10 басым тау бағыты көркейтіліп жатыр (оның ішінде Көкжайлау жотасына көтерілетін бағыттар, «Нұрлытау» маңынан басталатын соқпақтар, Бутаковка бағыты, «Халық соқпағы», Кімасар мен «Панорама» бағыттары және т.б.). Жұмыс аясында навигациялық көрсеткіштер, ақпараттық тақталар, түрлі-түсті бағыттық белгілер, демалыс алаңқайлары, орындықтар, қоршаулар мен қауіпсіздік элементтері орнатылды. Соқпақтарда құлама тастардан қорғау құрылғылары, ағаш өткелдер, баспалдақтар және арнайы демалыс алаңдары жасақталды.

Алма-Арасан шипалы бұлағы маңындағы кешенді қайта жаңғырту аяқталды. 775 метрлік жүргіншілер соқпағы қайта абаттандырылып, еңіс бөліктері бекітілді, көпірлер қалпына келтірілді және қауіпсіздік элементтері орнатылды.

Қолжетімділікті арттыру үшін жалпы тиражы 27 500 данадан тұратын баспа өнімдері (атлас, карта және гид-брошюра) дайындалды. Сонымен қатар үш тілде Брайль қарпімен материалдар әзірленді. 110-нан астам туристік нысан мен 10 маршрутты қамтитын аудиогид бес тілде жасалды.

Туризм басқармасы тау инфрақұрылымын дамыту және цифрлық сервистерді енгізу Алматыны белсенді демалысты ұнататын азаматтар үшін қауіпсіз әрі тартымды ете түсетінін атап өтті. Бұл экотуризм саласында жаңа өнімдер қалыптастыруға және туристердің қалаға деген қызығушылығын арттыруға ықпал етеді.

Сонымен бірге туристерге тауда қауіпсіздік ережелерін сақтауды, ауа райын мұқият қадағалауды және арнайы дайындықсыз немесе тиісті жабдықсыз шықпау қажеттігі ескертіледі.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ЖОҒАЛҒАН 6 ЖАСАР БАЛАНЫҢ МӘЙІТІ ТАБЫЛДЫ

Телеарна ХанТВ

АҒЫМДАҒЫ ЖЫЛЫ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА 23,0 МЫҢ ГЕКТАР ЖЕРГЕ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ДАҚЫЛДАРЫ ЕГІЛУДЕ

Телеарна ХанТВ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТАҚЫРЫП: ШАРУАЛАРҒА МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУЛАР МЕН ЖЕҢІЛДІКТЕРДІ АЛУ ЖОЛДАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ ДИКТОР: «ҚазАгроҚаржы» су тапшылығы сезілетін өңірлерді қолдау мақсатында су үнемдеу бойынша жаңа лизингтік бағдарламаны іске қоспақ. Сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасының лизингіне бөлінетін қаржыландыру сомасын ұлғайтты. Бұл туралы Түркістан облысында ауыл шаруашылығы саласын дамыту, өндіріс көлемін ұлғайту және техникалық жарақтандыру мәселелері бойынша өткен жиында айтылды. КСМ: Кездесуге Түркістан облысы ветеринария басқармасының басшысы Ербұлан Жәнібеков, «Бәйтерек» Ұлттық инвестициялық холдингі» акцонерлік қоғамының басқарушы директоры Нияз Көшкімбаев, «ҚазАгроҚаржы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Еркебұлан Жұмжаев арнайы қатысты. Іс-шара барысында көктемгі дала жұмыстарын қаржыландыру, ауыл шаруашылығы техникасын лизингке алу мүмкіндіктері, сондай-ақ өңірдің агроөнеркәсіптік кешенін қолдау шаралары талқыланады. Түркістан облысы – Қазақстанның аграрлық секторындағы жетекші өңірлердің бірі. Еліміздегі ауыл шаруашылығы өнімінің 13%-ы осы облыстың еншісінде. Жыл сайын өңірде 1,2 трлн теңгеден астам өнім өндіріледі. Егіс алқаптарының көлемі ұлғайып, жылыжай шаруашылығы, мал шаруашылығы және өнімді қайта өңдеу бағыттары жүйелі дамып келеді. 27,02 СНХ ЕРБҰЛАН ЖӘНІБЕКОВ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ВЕТЕРИНАРИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ 00:12 – 00:30 ▪Кездесу барысында «ҚазАгроҚаржы» АҚ өкілдері Түркістан облысының фермерлерін қолдаудың қорытындылары мен 2026 жылға арналған жоспарларын таныстырды. 2000 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін «ҚазАгроҚаржы» тарапынан өңір экономикасына шамамен 103 млрд теңге инвестиция бағытталған. Осы кезең ішінде жалпы құны 74 млрд теңге болатын 6800-ден астам техника лизингке беріліп, шаруалар техникалық паркін жаңартуға мүмкіндік алды. Компания 2026 жылы Түркістан облысына 19 млрд теңге қаржы бөлуді жоспарлап отыр. Қазірдің өзінде 7,1 млрд теңгеге өтінімдер қабылданып үлгерген. Бөлінген қаражаттың басым бөлігі көктемгі егіс жұмыстарын сапалы жүргізуге бағытталады. СНХ ЕРКЕБҰЛАН ЖҰМЖАЕВ «ҚАЗАГРОҚАРЖЫ» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ 00:17 – 00:45 КСМ: Түркістан өңірінің басты басымдығы – суару жүйелерін дамыту. Қазіргі уақытта «Агролизинг» арқылы мобильді суару жүйелерін 12,6%-бен алуға болады. Сонымен қатар жуырда жаңбырлатып суару машиналарын лизингке беру; инфрақұрылым құруға займдар бөлу, заманауи суару жүйелерін кешенді қаржыландыру бағыттарын іске қосу жоспарланып отыр. 27,02 СНХ НИЯЗ КӨШКІМБАЕВ «БӘЙТЕРЕК» ҰЛТТЫҚ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ХОЛДИНГІ АҚ БАСҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ КСМ: Шаруалар кездесу барысында ұсыныстары мен сұрақтарын ортаға салып, мамандармен пікір алмасты. Бүгінгі диалог алаңы өңірдің аграрлық саласына жаңа серпін берері сөзсіз. Өйткені, жиынға қатысушылардың ұсыныстары алдағы даму жоспарларына негіз болмақ.

Редактор HAN TV