aspan

«AMANAT» ПАРТИЯСЫ: ӘЙЕЛДЕР БЕЛСЕНДІЛІГІН АРТТЫРУ БАҒЫТЫНДА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР ТАЛҚЫЛАНДЫ

Бүгін «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының Саяси кеңес Бюросы мен қалалық мәслихаттағы партия фракциясының бірлескен отырысы өтті.
Жиынға партия қалалық филиалының төрағасы Мұрат Жолдыхожаев, қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек, партия филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Ербол Байқонысов, Әйелдер қанатының төрайымы Наргиза Керимбаева, сондай-ақ Саяси кеңес Бюросының мүшелері мен мәслихат депутаттары қатысты.
Күн тәртібінде екі негізгі мәселе қаралды: Әйелдер қанатының атқарған жұмысы мен «AMANAT» партиясының 2023–2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге!» атты қалалық сайлауалды бағдарламасының орындалу барысы.

 

 

 

 

 

 

 

Әйелдер қанатының төрайымы Наргиза Керимбаева баяндама жасап, биылғы жылдың нәтижелеріне тоқталды.
«2025 жылдың басынан бері белсенді әйелдердің қатысуымен 70-тен астам іс-шара өткізілді. БАҚ пен әлеуметтік желілерде Әйелдер қанатының қызметі туралы 200-ден астам материал жарияланды. Қазір Әйелдер қанаты 150-ден астам белсенді әйелді біріктіреді. Олардың қатарында мәслихат депутаттары, кәсіпкерлер, медицина, білім, мәдениет, ғылым және БАҚ өкілдері бар», — деді ол.
Сонымен қатар, «Әйел Аманаты» республикалық бағдарламасы аясында іске қосылған «Қарашаш ана» өңірлік жобасы туралы баяндады. Бағдарлама аясында репродуктивтік денсаулық, бала тәрбиесі, көшбасшылық және қарым-қатынас мәдениетіне арналған оқыту семинарлары ұйымдастырылған.
Партияның қоғамдық қабылдау бөлмесінде әйелдерге арналған ай сайынғы қабылдаулар тұрақты түрде өткізіліп келеді. Соның нәтижесінде 18 әйел жұмысқа орналасып, 15 азаматша заңгерлік кеңес алған, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына психологиялық көмек көрсетілген.
Әйелдер қанатының мүшелері әлеуметтік жобаларға да белсенді атсалысып жүр. Мәселен, «Баланы мектепке дайындайық» акциясы аясында 100 бала мектепке қажетті құрал-жабдықтармен қамтылған. Ал «Тең мүмкіндіктер» инклюзивтік фестивалінің өңірлік кезеңі жоғары деңгейде өткен.

Отырыста «AMANAT» партиясының 2023–2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге!» атты қалалық сайлауалды бағдарламасын іске асыру барысы да талқыланды. Бұл бағыттағы жұмыстар туралы баяндаған Ербол Байқонысов:
«Жол картасының 2025 жылға жоспарланған 93 тармағының 32-сі толық орындалды. Ал 12 іс-шара бойынша орындалмай қалу қаупі бар. Біз бұл бағыттағы жұмыстарды тұрақты бақылауда ұстаймыз», — деді.
Фракция мүшелерінің он айда атқарған жұмыстары бойынша есептері тыңдалып, алдағы жоспарлар айқындалды.

Партия филиалының төрағасы Мұрат Жолдыхожаев фракция мүшелерінің жауапкершілігін арттыру қажеттігін атап өтті.
«Жол картасының орындалуын қатаң бақылауда ұстау қажет. Депутаттар бастауыш партия ұйымдарымен және сайлау округтеріндегі тұрғындармен кездесуін жалғастыруы тиіс. Ал есеп бермеген депутаттар жыл соңына дейін өз жұмыстары туралы толық есеп тапсыруы керек», — деді ол.

Айта кетейік, «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы аймақтағы әлеуметтік, экономикалық және қоғамдық бастамаларды қолдауға бағытталған бірқатар жобаларды тұрақты түрде жүзеге асырып келеді.

#AMANAT

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

РУХАНИ КЕЛІСІМ-БІРЛІК ПЕН ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫҢ КЕПІЛІ

Телеарна ХанТВ

ШЕКАРАНЫ ЗАҢСЫЗ КЕСІП ӨТУГЕ КӨМЕКТЕСКЕН АДАМДАР ҰСТАЛДЫ

Телеарна ХанТВ

«АБАЙ» ГАЗ ТАРАТУ СТАНЦИЯСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Телеарна ХанТВ