Жұмыла көтерген жүк жеңіл. Елімізде су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге гуманитарлық көмек жіберілуде. Соның бірі Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен су тасқынынан зардап шеккен Атырау облысына гуманитарлық көмек аттандырды. Тұрғындарға ең қажетті заттар мен азық-түлікті жіберген ассамблея мүшелері, біз біргеміз акциясын қолдайтынын да атап өтті. Толығырақ әріптесім тарқатып айтады.
Ассамблея мүшелері екі күннің ішінде қаланың бірнеше бұрышынан арнайы бекет ашып, этнос белсенділері жинаған 20 тоннаға жуық көмекті оның ішінде, азық-түлік өнімдерін сондай-ақ, 200-ге жуық төсек жаймалары мен арнайы киімдерді жүк көлігіне артып, жалпы соммасы 10 млн. теңгеден асатын гуманитарлық көмекті жүк көлігіне артты.
Сондай-ақ ассамблея мүшелері аталған игі іс-шара мұнымен тоқтап қалмайтынын жеткізді. Алдағы күндері де жүк көлігіне салынған қажетті заттар су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға жіберіледі.
Айта кетейік, қазіргі таңда қаладағы этнос өкілдері су тасқынынан зардап шеккендерге көмек беру мақсатында ашылған банктік есеп-шотқа қаржы аудару жұмыстарын жалғастыруда.