16.3 C
Shymkent
11 октября, 2026
aspan

Қазақстанда енді алаяқтар қоңырау шалған телефон нөмірлері бірден бұғатталады

Елімізде киберқауіпсіздікті күшейту мақсатында осындай жаңа ереже күшіне енбек. Жаңа тәртіпке сәйкес, күмән тудырған нөмірлер екі күн бойы арнайы жүйеде тексеріледі. Осы уақыт аралығында абонент өз нөмірін пайдалана алмайды.

Жаңа ереже тек бұғаттау шараларымен шектелмейді. Бұдан былай бір адамға 10-нан артық SIM-карта рәсімдеуге тыйым салынады. Сондай-ақ алғаш рет «биометриялық деректер» ұғымы енгізілмек. Бұл жүйе арқылы азаматтардың бет-әлпеті мен жеке мәліметтері сәйкестендіріліп, ортақ базаға тіркеледі.

Сонымен қатар байланыс операторлары тұрғындардың байланыс сапасына қатысты шағымдарын тәулік бойы қабылдауға міндеттеледі.
Жаңа талаптар 18 қарашадан бастап күшіне енеді.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

АЭС САЛУ – ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ ТӘУЕЛСІЗДІККЕ ЖЕТКІЗЕДІ

Телеарна ХанТВ

ЖЕКЕ ҮЙ ҮСТІНЕ ҰШАҚ ҚҰЛАДЫ

Телеарна ХанТВ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ПРЕМЬЕР-МИНИСТР ОЛЖАС БЕКТЕНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ

Телеарна ХанТВ